Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

Ата-аналар назарына!!!!

Астана қаласы әкімдігі 2018-19 оқу жылында
"Астана дарыны" өткізетін психологиялық қолдау дарындылығын
дамыту орталығының олимпиадалар мен конкурстар тізімі
 

 
 

 



Ата-аналардан заңсыз ақша жинамау



Құрметті ата-аналар!

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19  қаңтардағы  № 127  қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы10  мамырдағы № 254  қаулысына сәйкес:

8-тармағы бойынша баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері оқу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар;

10-тармағы бойынша бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

      Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

      4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.

 Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

Қаулыда балалардың дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету нормасы сақталған.




Мектепке бейімделуге балаға қалай көмек көрсетуге болады?
 
Мектепке оқуға барған балаға моральдық және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (сөкпеген дұрыс болады), бір нәрсе жасап жатқанда мақтау керек (басқа балалармен салыстырмай).
Бұның барлығы баланың қобалжушылығын төмендетеді және бала сабақта жұмыс істегенде жетістіктерге жете алады. Бала мектептегі сәтсіздіктері үшін тұйық болуына жол бермеңіз.
Долылықты бір әдіспен жазалауға борлады – қарым-қатынас мүмкіншілігінен айыру (асықпай, қыр көрсетпей).
Ең басты жүлде – бала тыныш, сабырлы, бір нәрсе жасап отырғанда ашық сенімді, мейірімді, жақсы қарым-қатынас (баланы емес, баланың жұмысын мақтаңыз).
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін және басқаларға ...» мектеп психологы Л.А.Вишневскаяның ата-аналар жиналысындағы дәрісі .
Бірінші қыркүйекке дейін санаулы күндер қалды. Барлығы дайын. Бәрі дайын. Мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, барлығы сатылып алынды, балалар қобалжуда, ата-аналарды үрей биледі.
Бейімделу
Барлық балалар демалыстан кейін мектепке бейімделу кезеңін міндетті түрде өтеді.Бейімделу бұл жаңа жағдайға дағдылану, ынғайлану. Барлығы мерзім мен осы үдерістің маңыздылығында. Бүгін біз бірінші сынып оқушылары туралы айтамыз. Оларға бейімделуге ең көп уақыт: екі тоқсан беріледі. Әдетте оларға бір тоқсан да жетеді, бір жарым ай. Бұл үдеріс жатық өтеді, себебі бірінші сынып оқушылары жағымды сезімде болады, олар мектепке барғылары келіп, өзгеріске дайын, оқуға ниеттенген, олар ересек, оқушы болғылары келеді.
Олар неге бейімделулері қажет? Бірінші сынып оқушылары оқуға, мектепке баруға қажет екенін, педагогтың қатал талаптары мен үй тапсырмасын орындауға бағынуы, ұғынуы қажет.
Күн тәртібі өзгереді. Енді бала қалаған уақытына дейін қыдырып, ұйықтай алмайды. Оның уақытының минутына дейін тіркеліп жазылып қойылған. Біз балалардың бейімделу кезеңі сәтті, денсаулықтарын қадағалап, психологиялық мәселелер туындамай өту үшін барлық жағдай жасауымыз қажет.
Ересектер қандай көмек көрсете аламыз? Біріншіден бұл оқу жылына икемделу. Бұған алдын ала дайындалған қажет. Тамыздың орта кезінен бастап күн тәртібін өзгерткен дұрыс. Ерте тұрып, ерте ұйқыға жату қажет. Өзіңіз үлгі болыңыз. Белсенді демалу қажет (таза ауада). Алдағы оқуға дайындалу (кітап оқу, сурет салу, қию, құрастыру, әңгімелесу ...).
Компьютерде ойнауды, теледидар көру уақытын шектеп отыру.
Бірінші тоқсанда баланы қосымша секциялар мен үйірмелерге апаруға қажеті жоқ. Келешекте де баланың уақытын дұрыс бөліп қойған дұрыс. Баланы мектептен кейін тамақтандырып, бір-екі сағат демалдырғаннан кейін ғана қосымша сабақтарына жіберуге болады. Және балада үй тапсырмасын орындауға уақыт қалу қажет.
Бала таза ауада үш, үш жарым сағат қыдыруы қажет. Таза ауасыз бала дұрыс дамиды деп айтуға болмайды.
Бала дұрыс тамақтануы қажет. Баланың миының дұрыс жұмыс істеуі үшін ас мәзірінде сүт, жұмыртқа, бауыр, балық тәрізді тағамдар болуы тиісті. Ал жармалар, бұршақ тұқымдастар, жержанғақ, шекілдеуік дәнегі, жаңғақ қуат үшін қажет. Организмді дәрумен мен микроэлементтермен толықтыру үшін – картоп, жеміс, көкөніс қажет.
 
Бірнеше тілек:
 
Мектепке барған балаға рухани және эмоциялық қолдау қажет. Баланы тек жай мақтамай (ұрысуға қажеті жоқ), ол бір нәрсе істеп жатқан кезде мақтаған дұрыс.
Баланың нәтижелерін басқа дұрыс орындаған баланың нәтижесімен салыстыруға болмайды.
Баланы тек баланың өзімен ғана салыстыру қажет және оның нәтижелерін жақсарту үшін ғана мақтаған жөн.
Ата-ана шыдамдылық көрсетіп, баланың жетістіктерін күтуі қажет, себебі мектепте қобалжушылық жағдайлары болып тұрады.
Мектеп ұзақ мерзім бойы аяушылықпен бағалауы тиісті.
 
 
 Баланың мектепке дайындығы
 
Бірінші сынып оқушының әр ата-анасын, баласы мектепке дайын ба деген сұрақ қызықтырады? Бұл баланың оқуға, өзі-өзіне деген бағалау және құрдастары мен мұғалімге деген қарым-қатынасына байланысты. Әдетте бұл сұрақ кешенді қаралады.
Кешендік дайындық – көп құрамдық даму көрсеткіші. Баланың мектепте сәтті оқуы үшін әр құрамның жақсы дамуы қажет. Кешендік дайындық жаңа жағдайға бейімделу және мектептің бағдарламасын игеру үшін қажетті физикалық мінездемелер мен мінез-құлық дағдыларын меңгеріп алу. Келесі даму құраушылары енеді: зияткерлік, мотивациялық, емін-еркін, әлеуметтік, физиологиялық дайындық.
Зияткерлік дайындық нақты білім, дағдылар және икемділік қорының болуымен анықталады. Балада танымдық белсенділік, сәйкес сөздік дамуы, ойлау және белгілі бір елес деңгейі болуы қажет.
Мотивациялық дайындық оқу мен мектепке деген жағымды қараудың болуын болжайды. Оқуға мотивация еңбектену икемділік және танымдық қажеттіліктен жиналады. Мектеп жасына дейінгі балада тек қызықты ғана емес қызықсыз да тапсырмаларды дайындауға ынтасын қалыптастыру қажет. Болашақ оқушының оқуға деген осындай ынтасы егер бала бұның барлығы оның міндетіне кіретінін сезініп, оларды жақсы орындауға талпынса мүмкін.
Емін-еркін дайындық баланың өзің бақылау қабілетін, өзінің ішкі және сыртқы мінез-құлығы мен қозғалысын басқаруды түсіндіреді. Баладағы еріктік қасиеттер зейін қойып, ұзақ уақыт үй тапсырмасын орындауға, кез келген істі аяғына дейін жеткізіп орындауға көмектеседі.
Әлеуметтік дайындық балада, оқушы жағдайын, жаңа әлеуметтік ұстанымды қабылдауға қалыптастырады.Бала бірлескен қызметті орындауға, сынып өміріне қосылуға, ересектер мен құрдастарымен өзара қатынасты орнататын мінезді дамытуы қажет. Мектепке әлеуметтік дайындық өз қызметі мен нәтижелерін, өз қабілетіне сәйкес баға беруді көздейді.
Физиологиялық дайындық бала организімінің негізгі атқарымдық жүйесінің даму деңгейі және денсаулық жағдайымен анықталады. Физиологиялық дайындық мектеп өмірінің іргетасы болып есептеледі, себебі денсаулығы әлсіреген баланың ой-өрісі жоғары болса да мектептегі оқу барысында қиындықтар сезінеді.
 
  
Қамқоршы ата-аналар үшін бірнеше кеңес
 
  • Балаңызды тілегіне қарсы оқуға мәжбүр етпеңіз. Мәжбүрлеу арқылы балада мектепке, оқуға деген тұрақты сүймеушілік пайда болуы мүмкін.
  • Баладан өз құрдастарынан артық болуын, білуін талап етпеңіз.
  • Сәтсіздіктер мен жайсыздыққа дұрыс сезінуді ұйретіңіз. Көңілі түңілу сәттерде көмек көрсетіңіз.
  • Балаға өзі шешім қабылдауға мүмкіншілік беріңіз. Өзі шешім қабылдау балада өзін-өзі қадірлеу және жауапкершілік сезімін дамытады.
  • Күнделікті өмірде балада дербестікті тәрбиелеңіз. Бала өзің ересек адамдай сезінеді.
  • Баланы өз заттарын ұқыпты ұстауға ұйретіңіз. Баланың мектептегі жетістіктері, үйдегі өз жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
  • Мектеп туралы жағымсыз пікір айтпаңыз. Баланы мектептегі қыйыншылықтар мен сәтсіздіктермен қорқытпаңыз
  • Балаңызға қатал мұғалім болуға тырыспаңыз. Жолдастық қарым-қатынасты ұстануға тырысыңыз.
  • Ашулы күйде баламен айналыспаңыз. Алдымен тыңығып алыңыз.
  • Баламен әңгімелесу барысында түсінушілікпен мұқият тыңдаңыз. Білуге құмарлығын көтермелеңіз
 
 
 
 Ата-аналар неге дайын болулары қажет
         1. Баланың жазуы жаман.
Себебі баланың саусағы дұрыс дамымаған немесе қолының моторикасы ұсақ. Ұсақ моторика ұсақ жұмыс барысында дамиды. Баламен бірге сурет салыңыз, ермексазбен мүсін жасаңыз, құрастырыңыз, қыздармен тоқыңыз, кесте тігіңіз, бисермен тоқыңыз, аппликациялар, суреттер киыңыз. Баларды тұшпара, самса жасауға, жармаларды тазалауға қатыстырыңыз. Саусақтарға арналған гимнастика жасаңыз.
 
  1. Бала сабақта отырып мұғалімді естімейді, сұрақтарды да естімейді, мұғалімнің тапсырмаларын орындамайды.
Себебі: бала айналадағы бөгде заттарға алаң болады. Бала өзінің ішкі әлеміне, өзіне беріледі.
Себебі ата-ана, үлкендер тарапынан қамқорлық, сүйіспеншілік, назардың жетіспеушілігі.
Эмоциялық қолдаумен балаға назар аудару қажет. Баланы бақылаңыз, бірге сурет салыңыз, құрастырыңыз. Сәттілікті қамтамасыз етіңіз.
 3. Созылмалы сәтсіздік.
Себебі:
  • Баланың мектепке жеткіліксіз дайындығы (дамымаған моторика, ерікті назардың қалыптаспауы).
  • Қобалжушылық, өзіне сенбеушілік (мектеп алды жасында қалыптасқан отбасылық қақтығыстар мен отбасылық қарым-қатынастың әсері).
  • Ата-ана үмітінің аса көтеріп жіберуі (тек жақсы жетістіктерді күту, немесе мектеп алдында қорқыныш сезіну)
Көмек себептерін жоюдан тұрады.
 
  1. Вербализм (көп сөйлеу) (Бала көп сөйлейді, себебі бала өзін-өзі өсіре бағалайды, үлкендер баланың қабілеттерін өсіре бағалайды, бейнелі ойлауда қиыншылықтар көреді, есептер шығаруға қабілеті жоқ)
Себебі: сөйлеу дамуы өте жоғары және ойлау дамуында кешігу бар.
Бейнелеу ойлауды дамытуға көмек көрсету (сурет салу, мозаика, құрастыру, аппликация), сөйлеу әрекетінде тарта сөйлеу, нәтижелі қызметін ынталандыру.
 
5. Психофизикалық инфантилизм. (Бала өзін мектеп жасына дейінгі баладай үстайды, мектептің талаптарын маңызды деп есептемейді, өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптаспаған).
Себебі: мектеп деңгейіне жетілмегені.
Бұндай баланы тағы бір жыл мектеп жасына дейінгі мекемесіне жіберу дұрыс болады.
 
  1. Бейімсіздік белгілері (түрлі қорқыныш сезімі; жылау; көңіл күйдің өзгеруі; басым, ішім ауырды деп шағыну; бала ұйықтап жатып сөйлеуі немесе айқайлауы)
Себебі: оқу балаға қиын беріледі, оған жайсыз.
Көмек көрсету үшін баламен әңгімелесу, баланы тыңдау және баланы бақылау қажет. Ұйқы алдында баламен серуендеп келіңіз, сырласыңыз. Бұл жағдайды байқап, сыныптастары мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелесіңіз, пікірлесіңіз.
 
         7. Бала ата-ананың көмегінсіз үй тапсырмасын орындай алмайды. (Балалар өз беттерімен үй тапсырмасын орындай алады және міндетті) Себебі: өз өзіне сенбеушілік, қобалжушылық, өз бетімен еңбек ету білмегендігі.
Баламен жұмыс істеу барысында баланың қабілеті мен өздігінен дамуына көмек көрсету.
Балаға ол өз бетімен барлығын орындай алатынын түсіндіру. Бірақ ескертіңіз: «Егер орындай алмасан меннен сұрауға болады»
  • Тапсырмаларды тексеріп тұруды ұсыныңыз: «Егер қарсы болмасан мен, сен шығарған есептерді кейін тексеріп берейін»
  • Баланы аралық нәтижелер үшін мақтап тұру. Бұл баланың сенімділігін күшейтеді.
  • Егер жұмыс тоқтап қалса, біріншіден неге бұлай болғанын анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Сен бұны қалай санадың?» немесе «Сен мына санды қайдан алдың?»
  • Егер бала түсіне алмаса, шешімнің басқа әдістерін ұсынбаңыз.
  • Бала қателессе, нақты кеңес беріңіз: «Сен шешімде 15 санды таптың, ал мүлде басқа сан жаздың» немесе есепті бірнеше кезеңнен шығарындар.
  • Бала өзі жалғыз сенімді шығара алса, балаға көмектеспеңі.
  • Мұғаліммен балаңыздың білімдегі олқылықтары туралы әңгімелесіп, ақылдасып тұрыңыз. Балаға есепті шығару жолдарын мектептегідей түсіндіріп тұрсаңыз, баланы шатыстырмайсыз.
  • Үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетуде ерекше жағдайлармен шек қойып тұрыңыз: ұзақ ауру немесе өте күрделі тақырып
  • Баламен сабақ оқып отырсаңыз, балаға өз бетімен ойлауға, есептеуге, тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз, араласпаңы.
  •  
 8. Бала таңертең жаман оянады.
Себебі: динамикалық стереотип шынықтырылмаған.
  • Оятқыш сағатты пайдалануды үйретіңіз (балаға салтанатты түрде жеке оятқыш сағат сыйлаңыз)
  • Радио мен теледидардың даусын қаттырақ қойыңыз.
  • Баланы асықтырмаңыз (егер оны асықтырсаңыз, бала барлығын баяу істейтін болады). Дұрысы дәл уақытты белгілеген («10 минуттан соң үстелге отырамыз, 30 минуттан соң үйден шығамыз»)
  • Жалқау деп мазақтамаңыз, дауласпаңыз, 5 минут ұйқы үшін айтыспаңыз, сағаттың тілін 5 минутқа ертерек қойыңызда балаға 5 минут жатуға уақыт беріңіз.
  • Бастауыш сынып оқушыларын мектеп жасына дейінгі балалардай өзіңіз ұйықтауға жатқызыңыз. Ұйқы алдында баламен әңгімелесіңіз, мұқият баланы тыңдаңыз, жұбатыңыз, баланы түсінетіңізді көрсетіңіз (бала сізбен ашық сырласып сөйлеседі және қорқыныш сезімінен арылып, тынышталып ұйықтап қалады)












 




                       «Анам менің - бақытым мен шаттығым»

2014 жылдың 5 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебімізде 5-сыныптар арасында «Анам менің - бақытым мен шаттығым» атты сайыс өтті.

 «Өнерлі қыз, өнегелі ана» номинациясын 5 «В» сыныбынан Ахметова Жұлдызай Әскербекқызы мен Темірбекова Ұлдана иеленді.

«Ынтымақты отбасы» номинациясын 5 «А» сыныбынан Боранбаева Сания Камариденқызы мен Ерикова Мадина және 5 «Б» сыныбынан Мырзабекова Нұржамал Қуанышқызы мен Жүсіпбай Сая иеленді.

«Тапқырлық тарланы» номинациясын 5 «Ә» сыныбынан Есполова Ләйлә Тілеулесқызы мен Қарасаева Лаура иеленді.

«Сыр мен сымбат» номинациясын 5 «Г» сыныбынан Әліпова Маржан Әмірханқызы мен Әліпова Аяужан иеленді.

 

                                     

                             


                    «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш

1 наурызда 7 «Ә» сынып оқушылары 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аналарына арнап «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш өткізді. Кеште аналарға арнап өлең оқып, ән айтып, күй тартып, би биледі. Аналармен ойын ойнап, оларға әзілдерін ұсынды. Аяулы жандарды шын жүректен құттықтап, өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында өздері әзірлеген қолөнер бұйымдарынан жасалған сыйлықтарын табыс етіп, асыл аналарын тағы да қуанышқа бөледі. Келген аналар атынан Шагиев Қайраттың анасы Сымбат Муталафханқызы ризашылығын білдіріп, оқушыларға, ұстаздарға, мектеп ұжымына игі тілегін жолдады. Оқушыларға құнды кеңестер берді.

  



2013 жылдың 28 қараша күні «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8,9 сыныптың қыз балаларына ардақты ана, ардагер ұстаздар Тлеубекова Дина Ахметқалиқызы, Бекенова Рысты Нұрғожақызы, Сейтбатталова Мағрифа Тасыбайқызы және мектеп психологі Сатымбекова Талжібектің қатысуымен қыз бала тәрбиесіне байланысты сұхбат өткізілді.

  


2013 жылдың 22 қараша күні Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болды. «Біздің балаларымыз» тақырыбында бейне таспа көрсетіліп, ата-аналар сол бейне таспадағы баланың жағдайы бойынша және «Тәрбие отбасынан басталады», «Балаң адам болсын десең ...», «Өнегелі отбасы моделін құру» тақырыптары бойынша әр топқа бөлінген ата-аналар өз ойларын айтып талқылады.

 

 

                     
2 013 жылдың қазан айының 20 күні Діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ өкілі Нұржан Ернұр Ғалымжанұлының қатысуымен ата-аналарға кездесу өткізілді.


 

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год