Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Название страницы

                                                                  ҮЗДІК ЖАС ФИЛОЛОГ
«Өрлеу» орталығы үздік жас филологтарды анықтады...
Астана қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын негізге ала отырып, қала мектептерінің, балабақша, колледж, жалпы білім беру мекемелерінің филологтары арасында «Жас филолог» байқауын өткізді. Байқауға алпысқа жуық қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілінің мамандары қатысты. Алдымен байқау білім мекемелерінің өз ішінде өткізілген еді. Таңдалған мамандар қалалық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оған 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас филологтар қатысты. Филологтардың «Педагогикалық ұстанымнан нәтижеге дейін» тақырыбында жазған эсселері тексерілді. Іріктеуден өткен филологтар бейнесабақтарын өзіндік талдауымен өткізді. Сондай-ақ, мамандардың бірнеше жыл бойы зерттеп, жұмыс жүргізіп жатқан шығармашылық тақырыптары мен оның нәтижесі, маманның портфолиосы сыналды. Нәтижесінде үздік деп танылған филологтар І, ІІ, ІІІ орын иеленді және «Көптілді мұғалім», «Шығармашыл мұғалім», «Ізденімпаз мұғалім» деген аталымдар бойынша марапатталды. Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тасболатова Айнагүл ІІ орынды, Болат Жәнібек ІІІ орынды жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!





                                                                                      ***

САПАЛЫ САБАҚ – КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

15.11.2014 жылы Астана қаласы Білім басқармасының Әдістемелік кабинеті жанынан құрылған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ПШО, «Өрлеу» АҚ орталығынан деңгейлік бағдарлама бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің жетекшілігімен «Самғау - Астана» кәсіби қоғамдастығының «Сындарлы оқыту теориясының негізінде сабақ сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру» тақырыбында бірінші практикалық семинар болып өтті. Семинарға ПШО тренері Ултанбаева Сара және № 4, 8, 9,34, 56, 58, 61, 67, 68 мектептерден 45 мұғалім қатысты.
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анизат Сейдазымқызы Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдері негізінде 11 «Ә» сыныбына Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша «Қорғансыздар бейнесі» тақырыбында сабақ берді.

 
 

***

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жас маман Айнагүл Төлегенқызы Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдері негізінде 9 «В» сыныбына «Айтыс – мәдениеттіліктің, дарындылық пен біліктіліктің көрінісі» тақырыбында сабақ берді.


***

ХАЛЫ
ҚАРЫЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазан айында Назарбаев зияткерлік мектебінде «БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ, ТӘЖІРИБЕ МЕН ЗЕРТТЕУ» тақырыбында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға педагогика және психология ғылымдары саласында еңбек етіп жүрген Отандық және әлемнің 24 елінен ғалымдар қатысты. «Мектептегі көшбасшылықтың өзгеруі» тақырыбында секциялық отырыс өтті. Секцияда мектебіміздің директоры Ербол Іргебай Ісләмұлы «Бөлінген көшбасшылық – табысты мектептің жаңа тәжірибесі»тақырыбында баяндама жасады. Әлкей Марғұлан мектебіндегі Деңгейлік курс негізінде жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісіндегі нәтижелі іс-тәжірибесі жөнінде баяндады.

***



Жақып Мадияр - Шаттық дельфийлік ойындар байқауының Күміс медаль иегері, республикалық Оралхан Бөкей оқуларының ІІ орын иегері, қалалық Махамбет оқуларының бас жүлдегері, қазақ тілінен қалалық KATEV олимпиадасының І орын иегері. Дауысында әсерлі үн, бойында ерекше талант бар. Мектептің қоғамдық жұмыстарының ұйтқысы. «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының ұланбасы. Мектеп ұжымы Жақып Мадиярмен мақтанады.

***

  Елдос Әнкей  Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектептің 8 сынып оқушысы. Елдос ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген Астана қалалық жас ақындар айтысына қатысып, ел назарына ілікті. Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл толуына орай өткізілген оқушылар арасындағы қалалық мүшәйрада Бас жүлдені жеңіп алып, Фариза апайы мен Мұхтар Шаханов ағаларының батасын алды. Қалалық «Абай оқуларында» өзі шығарған өлеңімен көпшілікті ерекше тебіреніске бөлеген Елдос тағы да Бас жүлдені жеңіп алды.

Директорға сұрақ қою