Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

Мемлекеттік сатып алу

                                                                 ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурстық тәсіл арқылы, Астана қаласының Білім басқармасы «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің оқушыларын ыстық тамақпен тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жүзеге асыру туралы

Астана қаласының Білім басқармасы «Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі. Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Д. Бабатайұлы 24, e-mail: Sh40margulan@yandex.kz, телефон: 8(7172) 50-16-67.

  1. , Астана қаласының Білім басқармасы «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің оқушыларын ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру үшін конкурс өткізетінін хабарлайды.

            Қызмет көрсету мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Д. Бабатайұлы 24, мектеп асханасы.

Қызмет көрсету санатының тізбесі:

1) 1-4 сыныптар мен даярлық тобындағы оқушылар, жетім және асыраушысынан айырылған балаларды тамақтандыру, барлығы 699 оқушы, қызмет көрсетуге бөлінген қаражат- 23 476 664 (жиырма үш миллион төрт жүз жетпіс алты мың алты жүз алпыс төрт) тенге, ҚҚС есебінсіз.

            2) аз қамтылған отбасы балаларын тамақтандыру; барлығы 7 оқушы, қызмет көрсетуге бөлінген қаражат – 235 102 (екі жүз отыз бес мың жүз екі) тенге, ҚҚС есебінсіз.

Қызмет көрсету мерзімі: 2015 жылдың 01 наурызынан 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Конкурстық құжат талаптарына сай келетін барлық әлеуетті жеткізушілер конкурсқа жіберіледі.

            Байқау құжаттарының көшірмесін 2015 жылдың 16 ақпан айына дейін мына мекен-жай бойынша Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Д. Бабатайұлы 24, есеп бөлімінен сағат 09.00 ден 18.00 дейін немесе ғаламтор арқылы 40.astana-bilim.kz алуға болады.

            Әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысу жөніндегі конкурстық өтінімдері конвертке салынып, Астана қаласының Білім басқармасы «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі, бухгалтердің кабинетіне жеткізілуі тиіс. Мекен-жайы: Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Д. Бабатайұлы көшесі 24.

Конкурсқа қатысушылардың өтінішінің соңғы мерзімі 2015 жылдың 17 ақпан, сағат 10.00 дейін.

            Конкурсқа қатысушылардың өтініштері салынған конвертті ашу 2015 жылдың 17 ақпан, мекен-жайы Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Д. Бабатайұлы 24, № 202 кабинеті, сағат 11. 00 жүргізіледі.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады; 8(7172) 50-16-67

Конкурстың құжаттары [жүктеу]

 


      
  
         
 
           

           

            

              





Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год