Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

 

«ECO STAR» МАРАПАТТАУ КЕШІ

Бүгін 2022 жылдың 28 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің «Экопатруль» 8 «З»,«В» сыныптары және «Жас эколог» үйірмесі 5 «Е» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Таза мектеп» экологиялық акциясы аясында 5,6,7 сынып оқушылары арасында өткізілген макулатура жинау байқауының марапаттау кезеңі өтті. Аталған байқауға орта буын сыныптарынан 22 сынып қатысып қайта сұрыптауға жарамды қағаз,картон материалдарын тапсырған болатын. Сондай-ақ марапаттау кезеңіне мектебіміздің 2021 жылғы түлектері, мектепшілік «Ecoteam» экологиялық тобын алғаш құрған Замирбекова Малика, Сәлімжан Дильназ, Смаилова Айнұр,Сағатов Оралбек,Накупов Эльдар,Баянды Сейфолла, Жаңбырбай Ғалымжан қатысып байқауға ерекше белсенділікпен қатысқан оқушыларды марапаттады. Ал байқаудың жеңімпаз сыныптарын марапаттау мектебіміздің география пәні мұғалімі Г.Мадиярқызына табысталды. Кеш аясында топ оқушылары жеңімпаздарға арнап әсерлі әндерімен,мың бұралған билерін ұсынды.Сонымен бірге мектебіміздің талантты оқушылары Нурхина Інжу мен Нурхин Айса, Қалымбетов Нұрсұлтан әсем әндерін тарту етті, мектебіміздің театр үйірмесі оқушылары «Табиғат сыры» атты қойылымдарын қойды. Шара барысында оқушылармен ойындар ұйымдастырылып сұрақтарға жауап берген оқушыларға арнайы естелік сыйлықтар тарту етілді.Марапаттау кешіне жиналған оқушылар «Ecoteam» тобының оқушыларына сұрақтар қойып пікір алмасты. Байқауға қатысқан барлық сыныптарға сондай-ақ іс-шараның өтуіне атсалысқан мектебіміздің ұстаздары А.Аргенова, А.Тасанов, А. Заитовқа алғыс білдіреміз. Табиғатты аялауға,қамқорлық танытуға бағытталған шарамыз «Экопатруль» және «Жас эколог» үйірмесі оқушыларының «Табиғат» әнімен қорытындыланды.






 


01.12.22 ЭКОЛОГИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ


 


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОП

2022 жылдың 17 қараша күні мектебіміздің "Экопатруль" тобы 5, 6, 7 сыныптарының топ басшыларымен кездесу өткізді. Аталған кездесуде оқушыларға алдағы күндері болатын экологиялық акциялар, шаралар туралы ақпараттар берілді. Сондай - ақ Таза мектеп акциясы аясында макулатура жинау байқауының бастау алғанын хабарлады.Топ мүшесі Н. Нұрәлі оқушыларға керексіз қағаз қалдықтарын шашып тастамай,оған екінші өмір сыйлап сұрыптауға жіберсек біріншіден табиғатты қорғауға үлес қосамыз және қағаз жасау үшін кесілетін бір ағаш болса да сақтап қаламыз деп айтып өтті. Экологиялық топ оқушылары макулатура ең көп жинаған жеңімпаз сыныпты марапаттап мектеп мәжіліс залында қызықты фильм көрсететіндерін айтып сыныптарды белсенділікпен қатысуға шақырды.


 


ӨЗІҢДІ САҚТА АКЦИЯСЫ

Бүгін 2022 жылдың 27 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің "Экопатруль" экологиялық тобының ұйымдастыруымен бүгінде қоғам дертіне айналған электронды темекі мен шылым шегудің зиянын оқушыларға түсіндіру мақсатында  "Өзіңді сақта!" акциясы өтті. Аталған шарада оқушыларға арнайы экопатруль тобының әзірлеген ақпараттық  жаднамалары таратылып, зиянды әдеттен аулақ болуға, электронды темекінің, жалпы шылым шегудің ағзаға қауіпті екені, түрлі қатерлі ауруларды қоздыруға себепші екені баяндалды. Акцияны ұйымдастырушылар оқушыларға бос уақыттарын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстанып, өз өмірлерін сақтап, құрметтеп, жарқын болашақты бірге құруға шақырды.




 


ТАБИҒАТ ҮН ҚАТАЛСА

Бүгін 2022 жылдың 13 қыркүйек күні мектебіміздің 5 «А» және 5 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен экологиялық танымдық сабақ өткізілді. Экологиялық сабақтың негізгі мақсаты оқушылар бойына экологиялық мәдениет қалыптастыру,оқушыларды қоршаған ортаға жанашыр болуға оны қорғауға шақыру,мейірімділікке тәрбиелеу. Шара барысында әр сыныпқа белгіленген мектепшілік «Экопатруль»тобының оқушылары «Табиғат үн қаталса» атты арнайы бейнероликтерін ұсынып,оқушылардың пікірлерін тыңдап,ой бөлісті.Сондай-ақ оқушылармен логикалық сұрақтар бөлімін ұйымдастырып қызықты экологиялық сұрақтар қойды. Экопатруль тобы оқушыларға әрқашан табиғатты қорғауды өздерінен бастау керектігін жеткізді.Экологиялық танымдық сабақ осы апта бойы 5 б,в,г,д,е,ж сыныптарында жалғасын табатын болады. Табиғатқа қамқорлық таныту,өзімізді қорғау екенін ұмытпайық!


 


ӨЗІҢНЕН БАСТА

2022 жылдың 09 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің экопатруль тобының ұйымдастыруымен «Өзіңнен баста» экологиялық ақпараттық акциясы өтті. Аталған акцияда мектебіміздің экопатруль тобы мектебіміздің  5 сыныптарын аралап,экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы,қоқыстарды сұрыптау жолдары жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ биыл экопатруль тобының оқушылары 5 сыныптарға экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға көмекші жетекші болып белгіленді. Топ мүшелері оқушыларға логикалық сұрақтар қойып зерек оқушыларға өздері дайындаған сабақ кестесін жазу парақшаларын сыйлады. Алдағы уақытта әр сыныпқа бөлінген ұйымдастырушылар экологиялық бағыттағы акциялар, ойындар,байқаулар ұйымдастырып оқушылардың экологияға деген қызығушылығын арттыруға жұмыстанатын болады.



 


2022 жылдың сәуір-мамыр айларында оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, қоршаған ортасын сүйюге қамқорлықпен қарауға баулу мақсатында мектебімізде «Мен және табиғат» атты сынып сағаттары өткізілді.



Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының» ұйымдастыруымен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің қалалық форумында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей оқушылары "Табиғатты аяла" қалалық форумынан жүлделі орындарға ие болды. «GREEN OASES» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі орынды иеленген 8 «Г» сынып оқушысы Есенбек Салтанат, «Ecoтеатр» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі орынды иеленген 9 «Г» сынып оқушылары Каиргалиева Аружан, Едіге Дариға, «Zhasyl El» бағыты бойынша І дәрежелі орынды иеленген 8 «Г» сынып оқушысы Шаяхмет Аружан республикалық кезеңге өтіп Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайтын болады. Жетекшілері: Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы, Аргенова Аружан Ерланқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 



2022 жылдың 22 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту орталығы КММ ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты қалалық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сай мектебіміздің оқушылары «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» экология және Архитектура. Құрылыс бағыттары бойынша жасалған жобаларын қорғады. Байқау нәтежиесі бойынша қоршаған орта экология бағытына өз жобаларын ұсынған 8-сынып оқушылары Шаяхмет Аружан жүлделі І орынды, ал Есенбек Салтанат ІІ орын иеленді. Жетекшісі Қайрат Сиражиденұлы. Архитектура. Құрылыс бағыты бойынша 11-сынып оқушылары Мейрамұлы Ерсайын мен Абишева Жансая жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Бодраков Мұқаш. Жеңімпаз оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 


 

      "ЭКОЖАС" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

 

      2022 жылдың 22 сәуір күні  Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары "Экожас" акция аясында волентерлар өткізген шебер сабаққа қатысты. Шебер сабақта оқушыларға адам өмірінің биосферасы туралы ақпарат беріліп, қоршаған ортамызды қорғауда үлес қосуымыз керектігі туралы айтылды. Сабақ соңында оқушылармен экологиялық мәселелерге байланысты сұрақтар қойылып, түрлі ойындар өткізілді.

 


ҒЫЛЫМ БАСТАУЫ-БІЛІМ

 

Мектебімізде 2022 жылдың 6 сәуір күні "Ғылым бастауы-Білім" атты апталық аясында "Жас эколог" үйірме оқушылары және мектепшілік Экопатруль оқушыларының қатысуымен экологиялық стартапп жобалардың таныстырылымы болып өтті. Мектебіміздің 8-сынып оқушылары Шаяхмет Аружан мен Есенбек Салтанат өздерінің эко жобасын таныстырды. Қазіргі қоғамдағы органикалық қоқыстардың жер бетінде жатып қоршаған ортаға, жан-жануарларға тигізетін зардабына алаңдаушылық білдіріп, органикалық қоқыс қалдықтарын жер асты контейнерлері арқылы залалсыздандыру жолдарын ұсынды. Сондай-ақ Есенбек Салтанат болашақ мектептің эко саябақ жобасын жасап оқушыларға өз жобасын таныстырды. Қатысушы оқушылар жоба жұмыстарының жасалуы жолдарымен танысып, өз сұрақтарын қойып пікірлерін білдірді.



«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ» кинобайқауы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты қысқа метражды кино байқауы ақпан айында бастау алған болатын. Осы аталған қалалық байқауға өз жұмыстарын жолдаған мектебіміздің "Экопатруль" тобы байқаудың III- дәрежелі дипломына ие болды. Сондай-ақ, жеңімпаз оқушыларымыз байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз!


"ҚАНАТТЫ ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ" акциясы

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларының әзірлеген жұмыстары.


«ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ, АМАН БОЛАР АДАМЗАТ»
2022 жылдың 11 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде мектепшілік «Экопатруль» тобының ұйымдастыруымен оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жанашырлық танытуға баулу мақсатында ұйымдастырылған «Қанатты достарымызға қамқор болайық» атты құстарға жемсалғыштар жасау және «Табиғат сақшысы» экологиялық өзекті мәселелерге байланысты бейнеролик түсіру байқауларының марапаттау кезеңі болып өтті. Кеште оқушыларға «Табиғат үн қаталса», «Пластик» бейнероликтері ұсынылды, сондай-ақ оқушыларға экологиялық сұрақтар,жұмбақтар,табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айту сияқты серігіту сәті ұйымдастырылды. Шара соңында байқауларда жұмыстары үздік деп танылған оқушылар марапатталды. Кеш «Экопатруль» тобының «Табиғат» әнімен аяқталды.





ТАБИҒАТ САҚШЫСЫ

9 «Г» сынып оқушылары Каиргалиева Аружан, Ыдырыш Сара, Едіге Дариға қазіргі қоғамда болып жатқан экологиялық жағдайды баяндай отырып, қоршаған ортаны қорғауға арналған бейнеролик дайындады.

 


ШАҢҒЫМЕН БАҒДАРЛАУ ЖАРЫСЫ

2022 жылдың 5 ақпан күні мектебіміздің «Экопатруль» экологиялық тобы оқушылары арасында шаңғымен бағдарлау жарысы өтті. Аталған жарыста оқушылар жасырылған пункттерді тауып ондағы экологиялық сұрақтарға жауап берді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Ерболат Сая, ІІ орынды Сейілхан Назым, ІІІ орынды Табулдина Айгүл иеленді. Сондай-ақ қалған қатысушыларға жарыста көрсеткен жігерліктері үшін арнайы дипломдар табысталды



ТАБИҒАТ САҚШЫСЫ

5-ақпанға дейін жарияланған "ТАБИҒАТ САҚШЫСЫ" атты байқауға Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 7 "Д" сынып оқушылары, 8 "Г" сынып оқушылары Қарабай Аружан, Шаяхмет Аружан, Сайлаубай Мәдина атсалысты. Оқушылар қоршаған ортаны қорғауға арналған бейнероликтерін экологиялық жағдайды баяндай отырып мәлімдеді.

Оқушылардың бейнероликтері:


Қаңтар айының екінші жартысында мектебіміздің оқушыларына «Қанатты достарымызға қамқор болайық» атты акция жариялаған болатынбыз. 2022 жылдың 2 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің «Экопатруль» экологиялық тобының ұйымдастыруымен қыс мезгілінде өлкемізді қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасау мақсатында бұл акцияс өткен болатын. Акцияның ережесіне сай оқушылар құстарға жемсалғыш жасап парақшаларына орналастырды. Сондай-ақ оқушылар жұмыстарын ұйымдастырушыларға тапсырды. Оқушылар жасаған жұмыстарды «Экопатруль» тобы қабылдап жемсалғыш ұяларды мектеп ауласына орналастырды. Өз аулаларына орналастырған және мектеп ауласына орнатылған жұмыстар алдағы уақытта акция қорытындысында сараланып үздік жұмыстар арнайы марапатталатын болады.



«ҚАНАТТЫ ДОСТАРЫМЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ» конкурсының жұмыстары


Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей оқушылары қанатты достарымызға арнап тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып, құстарға жемсалғыш ұяшығын жасады.





Қанатты достарымызға қамқор болу мақсатында құстарға жемсалғыштар жасау акциясы өтетіндігін хабарлаймыз!

Акция талаптары

 


ҚАПТАМАНЫҢ ЕКІНШІ ӨМІРІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ


2021 жылдың 24 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың бойына экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында «Қаптама» тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Аталған сынып сағатына 10-11 сыныптар арнайы жіберілген сілтеме арқылы тікелей көрсетілімге қатысса, ал 1-9 сыныптар үшін арнайы ұсынылған слайдпен жүргізілді. Оқушылар сынып сағаты барысында қаптама түрлерімен, олардың сақталуы жолдары, үй жағдайындағы қоқыстарды бөліп салу қағидаларымен танысып, өз пікірлерін айтты.


 


"ПИРОТЕХНИКАДАН АУЛАҚ БОЛ" АКЦИЯСЫ


2021 жылдың 21 желтоқсан күні қыс мезгілінде жасөспірімдер арасында жиі қолданатын пиротехникалық жаңғыш заттардың зияндылығын насихаттау мақсатында мектепшілік Экопатруль тобы оқушыларының ұйымдастыруымен "Пиротехникадан аулақ бол" атты акция өткізілді. Аталған акцияда оқушыларға арнайы жаднама парақтары таратылып, пиротехникалық заттардың адам денсаулығына тигізетін зардабы, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін зияны түсіндірілді. Пиротехникалық заттардың түтіні адам ағзасына еніп өкпе, бауыр, асқазан мүшелеріне өте зиянды екені, қатты жарылғыш дауыс адамның есту қабілетін төмендететіні айтылды. Акцияны ұйымдастырушылар оқушыларды осындай зиянды нәрселерден аулақ болып, қоршаған ортамызды зиянды нәрселерден қорғап,салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықтарын сақтауға,үлгілі оқушы болуға шақырды.


 


Табиғат – біздің анамыз!



      Атақты ақын, революционер, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин мұражайына жасаған Eco patrol тобының саяхаты. 

Сейфуллин мұражайы 1988 жылы 21 ақпанда Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) облыстық өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылған.

Мұражай Есілдің оң жағалауында, қазіргі Нұр-сұлтан қаласының көне қапталында С.Сейфуллин мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында, ағаштан салынған ескі үйде орын тепкен.

Мұражай жанына ақынның ескерткіші орнатылған. Мұражайдың 8 залында Сейфуллиннің сирек кездесетін кітаптары, фотоқұжаттары мен мұрағат материалдарының фото және ксерокөшірмелері, тұтынған заттары жинақталған.

 


ECO patrol тобының "Өзіңнен баста" акциясынан бейнеотчет.



«ЛАБИРИНТ» жарысы

2021 жылдың 26 қараша күні 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің "Жас эколог" үйірмесі оқушылары арасында "Лабиринт" бағдарлау жарысы өтті. Аталған жарысқа 5" Ә", 5"Б", 5 "В" сыныптары, сондай-ақ 6"Ә"және 6"Б" сыныбындағы үйірме тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс ережесіне сай оқушылар арнайы жасалған картамен жасырылған КП (жасырылған функттерді) тауып елбасының өмір жолы, еңбектері туралы сұрақтарға тест түрінде жауап берді.Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жүлделі I орын Серік Бектемір 5 «Ә» сыныбы, ІІ орын Көпжасар Аян 5 «В» сыныбы, ІІІ орынды Шаяхмет Бекжан 6 «Б» сыныбы иеленді,ал қыздар арасында І орын Жақсылық Айару, ІІ орын Еламан Жансая, ІІІ орынды Жангужинова Мерей иеленді. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.


 


 


"ӨЗІҢНЕН БАСТА" АКЦИЯСЫ

2021 жылдың 14 қазанында мектебіміздің 5-7 сыныптарынан  құрылған ECO patrol тобы бастауыш 1-4 сыныптарын  аралап қоқыстарды бөліп салу және оның сұрыпталуы қағидаларын түсіндірді. Жас табиғат жанашырлары  оқушыларға мектеп дәлізінде орналасқан қоқыстарды бөліп салу жәшіктері  туралы айтып,тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйлаудың маңыздылығын айтып өтті. Сондай-ақ  қайта сұрыпталуға жататын және сұрыпталуға жатпайтын қоқыс қалдықтары туралы баяндады. Осындай іс-шаралар біздің қаланы әдемі, жайлы және таза етеді.

 

Директорға сұрақ қою