Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

Мұражай

   


         
                     Әлкей Марғұлан атындағы мемориалдық мектеп мұражайы

      Астана қаласы № 40 орта мектепке 5 шілде 2005 жылы ғалым Әлкей Марғұлан есімі берілді. 11 мамыр 2006 жылы мектепте академик Әлкей Марғұлан атындағы мемориалдық мектеп мұражайы салтанатты түрде ашылды. Бүгінгі күні мұражайда 200-ден астам мұражайлық жәдігерлер бар.

     Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметі арқылы жас ұрпақтың бойында рухани ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында негізгі төрт бағытта:

1.     Әлкей Марғұлан және филология

2.     Әлкей Марғұлан және этнография

3.     Әлкей Марғұлан және Шоқантану

4.     Әлкей Марғұлан және археология саласы бойынша жұмыс жүргізіледі.

     Мектеп мұражайында ең құнды экспонаттары Әлкей атаның киген киімдері (бас киімі,  өрнектелген тақиясы, қыста мойнына салған шарфы,  археологиялық экспедицияда киген жылы  киімі, ұстаған заттарынан қаламы, кесесі, тәрелкесі)  бар.

     Әлкей Хақанұлы  Марғұланның Ленинград Шығыс институтында оқып,  алған куәлік көшірмесі, филология ғылымы кандидаты, филология ғылымы докторы ғылыми атақтарына иеленгендігі жөніндегі куәлік көшірмелері, КСРО ғылым академиясының антропологиялық отрядымен Қазақстанда болғандығы туралы куәлік көшірмесі, «Бегазы», «Бұғылы» қолжазбаларының көшірмелері, фотосуреттері, ғалым жазған кітаптар, Шоқан Уәлиханов туралы ғылыми еңбегінің көшірмесі, әр жылдарда жазған ғылыми еңбектері туралы деректер,  зерттеген құлпытас пен балбал тастарының көшірмелері, археологиялық экспедицияда табылған құмыра мен қазіргі құмыралар түрлері, Павлодар уездік халыққа білім беру бөлімінде оқыған куәлік көшірмесі жинақталған.

     Мектеп мұражайы академиктің шәкірттерінің естеліктер кітабы, Ә.Х.Марғұлан туралы жазған еңбектері, журналдары, мектеп мұражайына арнайы сыйлаған сыйлықтары, ескерткіш кітаптары,  Қазақстаның белгілі суретшісі Кацевтің «Ұлы жазық далалары» атты суреттер репродукциясы, С.М.Торайғыров атындағы  Павлодар Мемлекеттік Университетінде ғалымның 100 жылдық мерейтойын атап өткен материалдар жинағымен толықтырылды.

     Әлкей Марғұлан атындағы мемориалдық мектеп мұражайындағы әрбір зат құндылығы балалар мен жасөспірімдерді Әлкей атадай сегіз қырлы бір сырлы болуға тәрбиелейді, яғни, білімді, дарынды, ұқыпты, шыншыл, зерделі, кішіпейіл, ақылды, сыпайы, салмақты т.т.

     Мұражай жоспарына сай көрмелер мен конференциялар, кездесулер мен ашық сабақтар ұйымдастырылады.
                                                                 
 
  
 

Мұражайға саяхат

        


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год