Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Қазақ тілі мен әдебиеті

«Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі


Қазіргі заманда балаға  білім  беріп қана қоймай, оқушыны сол білімін әрқашан керегіне жарата алатындай азамат етіп қалыптастыру  ұстаз қауымы алдындағы басты міндет болып отыр. Тек қана ішкі мотивациясы жоғары, өзіне сыни баға бере алатын тұлға ғана өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін.
         Білім мазмұнынын жаңартуға арналған бағдарламаға сәйкес критериалды бағалау жүйесінің енгізілуі де - заман талабы. Бұрын біз балаларға тек қана білім беріп келсек, енді функционалдық сауаттылыққа баса мән береміз. Яғни оқушылар мектепте алған білімін өмірде қолдана алады. Осы жетістікке жету үшін негізгі міндет ұстаздар қауымына жүктеледі.          Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің негізгі мақсаты: сапалы білім беру арқылы  жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бірлестікте 11 ұстаз қызмет етеді. Жоғары санатты мұғалім – 3, педагог-зерттеуші – 4, педагог-сарапшы – 3, жас маман – 1.
Бірлестікте дарынды және талантты оқушылардың зияткерлік қырларын жетілдіру мақсатында олимпиадалар, конкурстар, ғылыми жобаларға тарту жүйелі жолға қойылған. Жыл сайын оқушыларымыз республикалық, қалалық пән олимпиадаларында, «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында, дәстүрлі «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Сәкен оқулары», «Ақселеу оқулары», «Жамбыл оқулары», «Фариза оулары» байқауларында жүлделі орын иегерлері атанып жүр.
2018-2019 оқу жылында бірлестік Астана қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастықты дамытудағы тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Коммуникативтік дағдыларды дамыту – көшбасшылық білім берудің негізі» атты қалалық практикалық семинарын өткізді. Семинарда қала ұстаздары сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Сабақ беру барысында ұстаздарымыздың педагогикалық ұстанымы, оқушылардың ұжымдық ойлау қабілеттерін арттырудағы және ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету шеберліктері, өмірмен байланысты жақсы жаңалықтармен бөлісуі жоғары деңгейде болды. Барлық ұстаздар өз сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана білді. 
Білімді де саналы, алғыр, заман талабына сай, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің алатын орны зор.

 
Мектеп мұражайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері академик Әлкей Марғұланның әдебиет саласындағы зерттеулеріндегі халық ауыз әдебиетіне байланысты деректермен танысуда.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада 8-11 сыныптар аралығында қарашаның бірі, екісі күндері өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрды. І турда оқушылардың шығарма жазудағы қабілеттерін, ой тереңдігін, стилін, көркемдігін бақылау мақсатында екі тақырыптық, бір еркін тақырыптағы шығарма материалы берілді. Осы оқушылардың ішінде Еманғалиева Камила, Мұсаева Жұлдызайлардың жұмыстары ерекше көзге түсті. ІІ тур бойынша оқушылардың теориялық білімдері сыналды. Жалпы оқушылардың теориялық білімдерінің жүйелілігі байқалды. Оқушылар мектепішілік жиында марапатталды және аудандық олимпиадаға жолдама алды. Аудандық олимпиадада өз білімдерін көрсете білген Айымбетова Ақмарал ІІ орынды, Мұсаева Жұлдызай мен Досанова Гүлзия ІІІ орынды иеленсе, Еманғалиева Камила мақтау қағазымен марапатталды      
 
Менің сабағыма  елеулі өзгеріс әкелген  «Үшінші (негізгі) деңгей» Кембридж тәсілінің теориялық негіздері курсы болды. Өткізілген курс оқушы білімін жүйелеуге,  бала жанының иірімдерін, жас ерекшелігін ұғынуыма және ұстаздық  жан дүниемнің өзгеруіне  үлкен әсер етті. Курстың философиясын түсінген әрбір мұғалім жаңа форматты, жаңа педагогикалық бағыттағы  ұстаз.
                                                                                                                                                  Мұса Анизат Сейдазымқызы
                                                         
                 «Оқушылардың  тіл мәдениетін дамыту жолдары»тақырыбындағы әдістемелік құрал. 
                                                                                                                                   Мұса Анизат
Директорға сұрақ қою