Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

 «Бес табан», «Бес асық» ойындарының                              республикалық челлендж өткізу

1700201832124546.jpg

 

2023 жылғы 17 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де                 еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды.

Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Челлендж - бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған»

Ойын шарттары: «Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберінде ойналады, шеңбердің екі жағында ату сызығы сызылады (5 метр оңға және солға).                    «Бес асық» ойыны ептілік пен шешімділікке баулиды. Әр ойыншының бес асығы бар.

Қатысушылар: елорданың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, ТжКБ ұйымдарының білім алушылары, педагогтар мен ата-аналар.

Деректемелері: асықтар, қатысушылардың ұлттық киімдері.

Өткізу орны: елорданың жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Өтетін күні: 2023 жылғы 17 қараша.

Басталуы: сағат 12.00  (барлық аймақтарда бір уақытта басталады).

Осы  байланыс телефондарына ақпаратты тапсыру : 8-701-294-6496, 8-707-342-0807

Директорға сұрақ қою