Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«Бақытты балалық шақ» футзал турнирі

1699421370235315.jpg

Бүгін 2023 жылдың 2 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс уақытын қызықты да тиімді ұйымдастыру сондай-ақ оқушыларды нашақорлықтан,эл темекі сияқты денсаулыққа зиянды нәрселерден өздерін аулақ ұстап, әрқашан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,бақытты балалық шақтың қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында «Бақытты балалық шақ» атты футзал турнирі өтті. Аталған турнирге 8-10 сынып оқушылары өзара жеребе арқылы жұптасып жалпы 10 команда жасақталды.Турнир олимпиадалық тәртіпте өтті.Әр таймы 10 минут,жалпы уақыт 20 минут болып бекітілді. Тартысты да қызыққа толы өткен турнир қортындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 10 «Б» ,9 «Д» сыныптарынан құралған «Жастар» командасы иеленсе, жүлделі ІІ орын 9 «Ж» , 9 «Ә» сыныптарынан құралған «Оян Қазақ» командасы иеленді, ал турнирдің жүлделі І орынын 8 «А», 9 «Б» сыныптарынан құралған «Астана» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ турнирде үздік ойыншы номинациясын Аюп Ануар,үздік шабуылшы Араш Ақжан, Аманай Әділхан, үздік қақпашы Арингазин Әділхан,Сулейманкулов Нурислам иеленсе, турнирдің үздік қорғаушысы болып Абдужалил Бейбіт пен Мамбеков Алмас деп танылды.Турнир соңында жеңіске жеткен «Астана» командасымен 11 сынып «Түлектер» командасы достық ойын өткізді. Жеңіске жеткен командаларды мектеп директоры С.Амангелдіқызы құттықтап арнайы дипломдармен және турнирдің ауыспалы кубогын табыстады. Жігерлі де, жасампаз,шымыр жастарымыз көп болсын. Барша жеңіске жеткен оқушыларымызды құттықтаймыз!





Директорға сұрақ қою