Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

1698402596389942.jpg

Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 25 қазан Республика күніне орай 3 сыныптар арасында «Менің елім - Қазақстан» атты ән байқауы өтті. Байқауға әжелеріміз немерелерімен ән шырқады. Байқаудың мақсаты: Отанды сүюге, құрметтеуге үйрету. Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту. Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені 3 «Ә» сыныбы «Менің қазағым» әнімен әжеміз - Тогжуманова Самига мен немересі Смат Руслан және анамыз Кожахметова Самал жеңіп алды. Жүлделі І орынды 3 «Ж» сыныбы «Ауылым – туған жерім» әнімен әжеміз Тугельбаева Рауза мен немересі Жанатова Дариға, 3 «З» сыныбы «Айналайын Торғайым» әнімен әжеміз Мырзабекова Бибигүл мен немересі Ғабидолла Каусар. ІІ орынды 3 «Б» сыныбы «Тәуелсіз ел ұраны» әнімен анамыз Мырзабекова Нұржамал мен баламыз Жүсіпай Аружан, 3 «Е» сыныбы «Қазақ елі» әнімен әжеміз – Мөке Гүлжази мен немересі Хайса Фариза, 3 «Г» сыныбы « Көк тудың желбірегені» әнімен әжеміз – Отызбаева Несибелді мен немересі Базыл Көркем. ІІІ орынды 3 «А» сыныбы «Сәлем Қазақстан» әнімен әжеміз - Нұрмаханова Салтанат пен немересі Дарханқызы Раяна, 3 «В» сыныбы «Біз Отанның ұланы» әнімен әжеміз Махметова Азиза мен немересі Серикбаева Айлин, 3 «Д» сынып «Қазақстан тәуелсіз ел бақытты» әнімен әжеміз – Сәдібекова Рақия мен немересі Сағымбекұлы Әлинұр.







Директорға сұрақ қою