Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Хаттама 5сынып

Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2022-2023 оқу жылында 5- сыныптардың бейімделуі туралы ата-аналар арасында өткізілген жиналысының

№1 Хаттамасы Қыркүйек 2022 жыл
                                                   Қатысқаны: 90
     Ата-аналар,пән мүғалімдері
                                              Күн тәртібінде:
 
1. Бесінші сынып оқушыларының орта буында бейімделуі С.Дюсенова
2.5- сыныптарда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен коммуникативтік дағдылардың жүзеге асырылуы Б.Оспанова
3. Математика пәнінен қалыптастырушы мен жиынтық бағалауды жүзеге қалай асырамыз? А.Биманова
4. Күнделік.kz журналын қалай қолданамыз? С.Сакеева
5.Ата-аналарға кеңес психолог Д.Насырова  
                                                    Тыңдалды
      Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары С.Дюсенова ата-аналарға бесінші сынып оқушыларының бейімделуі туралы түсіндірді . Қалыптастырушы бағалаудың оқушы бойына креативті ойлау дағдысын өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне дәлелдер келтіру,салыстыру және анализ жасау бағалау дағдыларын қалыптастыратынын түсіндірді. Қалыптастырушы бағалау кезінде балл және баға қою жүргізілмейтінін ,қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері ата –аналарға кез келген нәтижеде жеткізілетінін айтты. Жиынтық бағалау балының пайыздық мазмұнын таныстырды.Жиынтық бағалау бойынша жұмыстарды орындау барлық білім алушылар үшін міндетті екенін ескертті Жиынтық бағалау бойынша балл түріндегі нәтижелері тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылатынын түсіндірді
        5-сыныптардағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен жаңартылған білім мазмұны,қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың жүргізілуі бойынша Б.Оспанова сөз алды.
Оқушылар қазақ тілі сабағында қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін танып біледі,қазақ әдеби тілінің фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, морфологиялық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық нормаларын меңгеретінін,қазақ тілінде тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді үйренеді; Өзінің ойын ауызша және жазбаша формада сауатты құрауға дағдыланатынын, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың алынып жатқанын, оның нәтижесі кері байланыс арқылы таныстырылатынын айтты
Математика пәнінің мұғалімі Биманова Айжан: ата-аналарға қалыптастырушы бағалаудың жүргізіліп жатқанын,оқушылардың қалыптасып қалғанын ,кері байланыс жасалуда екенін түсіндірді . 
С.Сакеева: Күнделік kz арқылы ата-аналарға оқушылардың үй тапсырмасын,білімдерін бақылау жолдарын көрсетті
Мектеп психологі ата-аналарға баламен жұмыс жүргізу жолдары жайында кеңес берді
                                           Сұрақтар:
 
5»Б» сыныбының ата-анасы: Мен баламның сабақтан қандай баға алып жүргенін қалай білемін?
5»В» сыныбының ата-анасы :Жиынтық бағалау қалай алынады?
 Директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары С.Дюсенова:тоқсандық жиынтық бағалау тоқсанның соңында алынады. Барлық оқушы қатысады. Белгілі бір себептермен келмей қалған оқушы(ауырып қалған жағдайда) келесі сабақта жазатынын айтты.Ата –аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді.
 
Жиналыс жоғарыдағыларды тыңдай келе төмендегідей қаулы алды
 
 
                                                 Қаулы:
 
1.Оқушылардың оқу үлгерімі туралы кері байланыс жүргізілсін;
2.Ата-аналар тарапынан оқушылардың себепсіз сабақ босатпауы қадағалансын;
3.Сынып жетекшілер оқушылардыың үлгерімі туралы мәліметті ата-аналарға уақытында таныстырып отырсын;.
4. Ата-аналармен байланыс күшейтілсін.
 
Жиналыс төрайымы С.Дюсенова 
Хатшы Н. Тыныштық

Директорға сұрақ қою