Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Бесінші сынып оқушыларының орта буында бейімделуі

1678885641745461.jpg



Бесінші сынып оқушыларының дамуындағы ерекшелік «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атаулармен бейнеленеді. Бұл атауларда осы жастарда болатын оқушыларда даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Оқушылардың жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол- белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендерден және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Ғылыми тілде адаптация деп аталатын қиындығы көп бейімделу күйін 5-ші сынып оқушылары бастан өткізеді. Қиындыққа тап болған жас баланы қолдамай, проблемаларын шешуді тек өзіне қалдырар болсақ, не ұтамыз? Ештеңе де. Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады. Бұл процесс 5-сынып оқушыларының кіші мектептен орта мектепке өту кезеңінде бастау алады.            

Осы кезеңде мектеп психологының жүйелі жұмыс жүргізуі өте қажетті деп ойлаймын. Себебі, бастауыш буыннан орта буынға ауысқан сәтте мұғалім де, бала да, ата-ана да қиналады. Үшеуі біріне-бірі үйрене алмай, түсінісе алмай жатады. Үлгерімдері де әдеттегіден түсіп кетеді. Бастауыш сыныптың түлектері 5-сыныпқа қадам басқанда неге үлгерімі төмендеп кетеді деген сұрақты көп қоямыз.
Бастауыш сыныптан бала меңгеруге тиісті білімнің 100 пайызын түгел алып шығуы мүмкін емес екені анық, 80-90 пайызға дейін меңгеріп шығуы мүмкін. Бастауыш сынып мұғалімінің берген білім негізін орта буын мұғалімдері іліп кете алмай жатады. Неге? Сонда олардың білім беру шеберліктері нашар болғаны ма? Әлде басқа себептері бар ма? Сөйтсек, себептері бар екен.   
Біріншіден, бақылаудың әлсіреуі. Бала бастауыш сыныпта 4 жыл бойы бір кабинетте, бір ғана мұғалімнің бақылауында тұрақты түрде болады да, оның барлық қимылы мен оқу сапасы туралы мәліметтер ата-анасына күнде белгілі болып отырады. Бастауыш сынып мұғалімі әрі оның ұстазы, әрі сынып жетекшісі, әрі бақылаушысы. Оның талабын тез түсініп алған бала ыңғайына қарай бейімделіп, оқу процесіне өзі де көмектесе бастайды. Мұғалім әр балаға жеке талап қояды. Түсінбей қалса, сабақтан соң түсіндіреді, әрқашан көмектеседі. Ал 5-сыныпта бұл баланс бұзылады. Әр пәнді әр түрлі мұғалім жүргізгендіктен, әрқайсысының дауысына, сөйлеу мәнеріне, қоятын талабына үйрену қиындық келтіреді. Әрбір баланың мінез-құлқын жаттап, «мәпелеп» отыруға пән мұғалімінің де уақыты болмауы мүмкін. Осы жерде баланың өзін керексіз сезінуі, мақтау естімеуі, мұғалімнің назар салмауы балаға жағымсыз әсер етеді. Осы кезде ата-ана баласына көмекке келу керек деп ойлаймын. 
Екіншіден, мұғалімнің ауысуы. Бастауыш сынып мұғалімі – әрі ұстазы, әрі анасындай, тіпті туысындай болып кетеді. Балаға білім беріп қана қоймай, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, тазалыққа, әдептілікке үйретеді. Жақсы тамақтануын да қадағалайды, көңіл-күйін де аулайды. Бала мұндай адамның қасында өзін панасы бардай, қорғанышты алаңсыз күйде ұстайды екен. Кенеттен балаға «екінші анасын» ауыстыруға тура келеді. Әр түрлі мінезі бар мұғалімдердің бір мезгілде айналасына қаптап кетуін елестетіп көріңізші. . Үшіншіден, жұмыс ырғағының ауысуы. Жаңа пәндер қосылып, жұмыс көлемі артады. Бастауышта күніне 2-3 пәнге дайындалса, орта буында 5-6 сабаққа қатар дайындалады. Жаңа пәндерді бірден меңгере алмауы да оқушыны тежейді. Әр мұғалім дәптерді әр түрлі жүргізеді. Тез жаза алмайтын балалар қалып қояды. Жазу көбейіп, бала жалыға бастайды. Тарихшы даталарды жатқа сұраса, математик формуланы жатқа сұрайды, қазақ тілі мұғалімі жеке пікірін есепке алады деген сияқты толып жатқан ұсақ-түйектер баланың мектептегі өмірін қиындатады екен . осы мәселелерді қарай келе орта буын оқушыларына көмек қолын созудың жолдарын ұйымдастыруды көздедік. Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады. Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі.  
 
 
 
Дюсенова Сауле
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары
 
 
 

Директорға сұрақ қою