Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Әлкей Марғұлан және Баянауыл өңірінің тарихи жерлері

1676895993623099.jpg

Алғашқы күні Ескелдідегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барды. Онда оқушылар Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Әсет шырақшыдан Мәшһүр Жүсіп туралы әңгімелер тыңдап, көптеген мәліметтер алды. Кесене Баянауыл ауданында Ескелдідегі биік жотада орналасқан.

Келесі күні «Қоңыр Әулие» үңгіріне барды. Көне заманнан бері халық бұл жерді кие тұтып, мінәжат етіп келеді. Бізді бұл жерде «Баянауыл табиғи қорығының» қызметкері әрі қасиетті мекеннің шырақшысы Алтынбек аға қарсы алды. Қоңыр Әулие туралы әңгімелер мен Әлкей Марғұлан жайында тың деректерге қанықтық. Таудың биігінде орналасқан үңгірге көтерілдік. Үңгірдің іші салқын, кіре берісі мешіт бөлігі деп аталса, келесі бөлігі тәу ету, киелі үңгірдің түбінде қазандық деп аталатын бөлігі бар. Онда қазандыққа су жиналады. Судың құрамын 7-8 пайыз күміс құрайды екен.

«Қоңыр Әулие» үңгірінен кейін сапарымыз Жасыбай көліне жалғасты. Көлдің Жасыбай аталуы Баянауылды қалмақтардан азат ету жолында ерлік көрсетіп, қаза болған Жасыбай батыр есімімен тығыз байланысты.   Көл таудың ортасында орналасқан, табиғаты көркем жердің тарихымен оқушылар танысты.

Экспедицияның үшінші күні Баянауылдағы «Академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейінен» бастадық. Музейдің алдында ғалымның бюсті қойылған. Музейдің екі бөлмесінде ұлы тұлғаның өмірінен сыр шертетін құнды экспонаттар, шежірелер мен тарихи суреттер қойылған.

Баянауыл орталығында қазақ елінің рухани әлемі мен ғылымын үлес қосқан Ұлы тұлғаларды ардақтап ескерткіштер қойылыпты. Бір көше бойында Бұқар жырау, Мәшһүр Жүсіп, Шқң би мен Шорман би, Жүсіпбек Аймауытов, С.Торайғыров, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Ш.Шокин, Ә.Бектұров, Ш.Аймановтар мен алты генералға ескерткіштер мен бюсттер орнатылған. Іргетасы ХІХ ғасырда қаланып, бқл күнде жаңарған Мұса мырза мешіті де үлкен тарихи орын. Мешіт жанында Мәшһүр Жүсіптің балалық шағы өткен үйдің орнына белгі тас қойылыпты.

Тамыры тереңге тартылып, рухани жалғастығы үзілмей, небір асыл азаматтарды дүниеге әкелген Баянауыл өлкесі – Қазақ тарихының Рухани мекені.

Алдағы уақытта жас ұрпақ Қазақстан тарихын тереңірек үңіліп, өз тарихын қызыға оқиды деп ойлаймын.

 


Директорға сұрақ қою