Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

8-9 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

1676272729289875.jpg

2023 жылдың 9 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен экологиялық олимпиада өтті. Олимпиадаға әр сыныптан екі оқушыдан қатысып экологиялық білімдері сараланды. Оқушылар жалпы экология,Қазақстан табиғаты, қоршаған ортаны қорғау, қоқыстарды сұрыптау,табиғатқа байланысты берілген 25 тест сұрақтарына жауап берді. Ереже бойынша 12-15 дейінгі дұрыс жауап ІІІ орын, 15-20 ға дейінгі дұрыс жауап ІІ орын, 20-25 дейінгі дұрыс жауап І орын болып белгіленді. Олимпиада нәтежиесі бойынша жүлделі 3 орынды: С.Куатбеков, А.Ермекбай, А. Арыстанова, С.Кабиев, М.Азретхан, А.Сартаева, А.Темірбеков, А.Пшипекова, Н.Шамшиденова,Н.Әбдіуәлі иеленді. Жүлделі ІІ орынды Ә.Сабыров, А.Болатбек, Ұ.Егізбай, Ә .Абильмажин, А. Серік, А.Жүсіпбай, И. Қуанышбай иелненді. Экология олимпиадасының жүлделі І орынын 8 Ж» сыныбы оқушысы Е.Меруерт иеленді. Олимпиадаға қатысып ерекше ынты-жігер танытқан оқушыларымыз да арнайы грамотамен марапатталды. Аталған олимпиада бұған дейін де 5,6,7 сынып оқушыларымен өткізіліп экологиялық білім деңгейлері сыналған болатын. Оқушыларымызға экология пән ретінде оқытылмаса да, берілген сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп жоғары нәтежие көрсете білді.


Директорға сұрақ қою