Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«ӨМІР ӨЗЕН»

1676272107228991.jpg

2023 жылдың 9 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде кітапхана меңгерушісі Г.Айдабулованың ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Өмір өзен" атты жыр кеші болып өтті. Кеште мектебіміздің 5 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Кештің нәтижесінде жүлделі орындар алған оқушылар
І-орын Жаңабекұлы Ханкелді 5 "В" сынып оқушысы;
ІІ-орын Серік Әділет 5 сынып оқушысы;
ІІІ-орын Қарау Нұрай 5 сынып оқушысы марапатталды.
Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Айдабулова Гауһар тыңдармандарға ақынның өмірі мен шығармашылық қызметі қашанда үлгі-өнеге екендігін жеткізіп, арнайы әзірлеген көрме жұмысымен және өлеңдерден құралған сергіту ойындарын көрсетті. Барша қатысушы оқушыларға ынталандыру ретінде қатысқандары үшін дипломдар табыс етілді.







Директорға сұрақ қою