Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

NATIONAL GEOGRAPHIC

1676267826411418.jpg

Бүгін 2023 жылдың 03 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде National Geographic редакциясы экологиялық бағыттағы оқу-ағартушылық жұмыстарын жалғастырып, биылға жоспарланған алғашқы іс-шараны мектебіміздің жоғарғы буын оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында оқушыларға жалпы National Geographic туралы, оның алдына қойған мақсат-мүдделері туралы бейнероликтер көрсетіліп, қазақ тілінде жарық көретін басылымның тақырыптық бағыттары таныстырылды.
Журналдың жауапты редакторы Айбын Шағалақ жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, жаһандық экология мәселелеріне, география, жаратылыстанудан бастап, ғарышты игеру технологияларына дейінгі іргелі зерттеулерге қатысты мақалалардың қалай дайындалып, ұсынылатыны жөнінде әңгімеледі. Экология проблемаларына ерекше тоқтала отырып, жер жүзінің пластик өнімдермен қалай ластанып жатқанын, оның зардаптарын көрнекі түрде көрсеткен материалдарды мысалға келтірді. Сонымен қатар, осы мақалаларды мұғалімдер мен оқушылар сабаққа қосымша материал ретінде пайдалануға, түрлі ғылыми жобаларға қолдануға болатынын айтып өтті. Ал оқушылар экология, жан-жануарларды қорғауға, мамандық алуға байланысты сұрақтарын қойып, өздерін қызықтыратын жайттарға қанықты. Кездесуге мектебіміздің экологиялық тобы да қатысып, өз ойларымен бөлісіп сұрақтар қойды. National Geographic редакциясы оқушылармен кездесуге жағдай жасағаны үшін мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлына алғыс білдірді.








Директорға сұрақ қою