Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДА

1675758562701343.jpg


Бүгін 2023 жылдың 27 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің «Ecopatrol» экологиялық белсенді топ оқушыларының ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушылары арасында экологиялық олимпиада өтті. Олимпиадаға әр сыныптан екі оқушыдан қатысып экологиялық білімдерін ортаға салып,біліктіліктерін сынап көрді. Оқушылар жалпы қоршаған ортаны қорғау, қоқыстарды сұрыптау,табиғатқа байланысты логикалық сұрақтар бойынша берілген тест түріндегі 25 сұраққа жауап берді. Олимпиада нәтежиесі бойынша 6 сынып оқушылары арасында 13-15 аралығында ұпай жинаған Қабдреш Елдана 6 «З» сыныбы ІІІ орын, Әбенов Әбілмансұр 6 «Е» сыныбы ІІІ орын, 15-20 аралығындағы дұрыс жауап берген Тоқтақасым Жарқынай ІІ орын иеленді. Ал 7 сынып оқушылары арасында 13-15 аралығында ұпай жинаған Абдужалил Асылай 7 «Ж» сыныбы ІІІ орын, Шалабай Меруерт 7 «Д» сыныбы ІІІ орын, Жанабергенов Мирас 7 «З» сыныбы ІІІ орын , Жангужинова Мерей 7 «Ә» сыныбы ІІІ орын және Мырзагалиева Ясмина 7 «Г» сыныбы ІІІ орынға ие болды, 15-20 аралығында ұпай жинаған Жұмаш Айзере 7«Г» сыныбы ІІ орын, Томпаков Данияр 7 «Е» сыныбы жүлделі ІІ орынын иеленді, 20-25 ұпай аралығында сұрақтарға жауап берген 7 «Ә» сыныбының оқушысы Акпарова Әсем олимпиаданың жүлделі І орынын иеленді. Олимпиадаға қатысқан басқада оқушыларымыз ынта-жігерлері үшін арнайы грамоталармен марапатталды. Аталған олимпиада алға қарайда 5 сыныптар және 8-9 сыныптар арасында өткізу жоспарға қойылған.

Директорға сұрақ қою