Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - БАҚЫТТЫ ӨМІР НЕГІЗІ

1606714267120343.jpg

  
2020 жылдың 23-24 қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1-11 сынып оқушыларымен "Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі" тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінетінін айтып, оқушыларға толық түсіндіру жұмыстарын беріп өтті. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс
Қиянат жасамау – рухани деңгей;
Ақиқат – интеллектуалды деңгей;
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей;
Тыныштық – эмоциялық деңгей.

Директорға сұрақ қою