Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

«АЙБАРЛЫ АСҚАР ЕЛДІ АСҚАҚТАТАР АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

1535515666952078.jpg

Бүгін 2018 жылдың 28 тамыз күні конституцияның сипаты мен маңызы туралы түсінік бере отырып, ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен "Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң" атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде мектеп оқушылары Конституцияның өткен тарихымен, құрылымымен таныса отырып, әлемдік адами құндылықтармен сабақтаса жатқан ата заңымыздың әр тармақтарын талқылады. Екі топқа бөлінген оқушылар "Заңға мынадай өзгеріс енгізер едім" атты мәселе аясында қызу пірталас өткізді. Дөңгелек үстел əрі қарай "Отаным оттан да ыстық" ойынымен жəне ата заңға арналған өлең жолдарын жатқа айтумен жалғасын тапты. Пікірталас соңында мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы баршы ұстаздар мен оқушыларды атаулы мемлекеттік мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Әлемнің озық елу елдің қатарынан көрінетін ата заңымыздың мерейі үстем бола берсін!

 

                                  

Директорға сұрақ қою