Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1540873746476882.jpg

Бүгін 2018 жылдың 26 қазан күні "Жас ұлан" оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектебінде 8-10-сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Мектебіміздің "Жас ұлан" оқушылар ұйымы жолдау барысындағы 6 міндетке жекелей тоқталып өтті. Әсіресе 2, 6-міндеттерге баса назар аударған оқушылар "Орта білім беру жүйесіндегі негізгі тәсілдерге баса назар аудару қажет" тақырыбын жан-жақты ашып түсіндірді. Орта білім беру мектептерінде оқушыларлы қажетті мамандықтарға бейімдеу жайында айтылды. Және Рухани жаңғыру бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерісіне зор серпін бергендігін де оқушыларға айтып өтті. Яғни жаңа заманға сай болу үшін өз үлесімізді қазірден бастап қосу керектігі де айтылды. Ол үшін біз оқушылар өз еліміздің патриоты болып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азамат болуға шақырды. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» тақырыбында инфекция ауруларының алдын-алуы туралы медбике Бекпауова Зауре Жақанқызының хабарламасы тыңдалды. Хабарламада медбике З.Бекпауова оқушыларға түрлі инфекциялық аурулардан қалай қорғану керектігі жөнінде айтып, менингит ауруының таралу жолдары мен қауіптілігі жайында кеңінен түсіндіріп берді. Жиналыс соңы "Жас ұлан" оқушылар ұйымының отырысымен аяқталды.
      
   

Директорға сұрақ қою