Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ, ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

1702569933382059.jpg

2023 жылдың 11 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасынан мамандар келіп, 10-11 сынып оқушылары үшін кездесу өткізді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапхана әдіскері Досова Асия және «American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық ресурстар орталығының координаторлары: Тілеубек Арайлым мен Норабаева Фариза оқушыларға Maker Space жобасының негізгі мақсаты мен құндылықтары жайлы мәлімет беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ғылыми кітапхана мектебіміздің кітапханасына университет қорынан түрлі әдеби кітаптар мен ағылшын тілінен жүргізіп жатқан курс кітаптарын сыйға тартты. Кездесу соңында оқушылар ғылыми кітапхана орталығының координаторларымен бірге арнайы құрылғылармен төсбелгілер жасап көрді.






Директорға сұрақ қою