Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САБАҒЫ

1519732604900880.jpg

Бүгін 2018 жылдың 27 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде "Астана - адал ұрпақ алаңы" жобасы аясында "Адалдық - адамдықтың белгісі" тақырбында 8-9 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты болып өтті. Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеп, ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру мақсатында өткен сабақта мектеп директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы оқушыларға әр істе адал болу керектігін айтып ұлы ақын Абай Құнанбаевтың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңіндегі 
Қайрат пен ақыл жол табар, 
Қашқанға да, қуғанға. 
Әділет, шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға.
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма деген шумақтарында айтылған ойды түсіндіріп берді. Оқушыларды парасаттылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеуде ата-ана мен мектепке жүктелгенін айтып өтті. Ал оқушыларға алған білімдері мен тәрбиелірін өмірбойы дұрыс қолдану жүгі артылғанындығын ескертті. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы оқушыларға "шыншыл бала" бейнеролигін көрсетіп, оқушыларға арнайы әзірленген сұрақтарды қойып оқушылардың ой-пікірлерін тыңдады.
 
 

 

Директорға сұрақ қою