Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК" АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

1518235935053899.jpg

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған тағы бір шаралардың бірі 5-7 сыныптар арасында "Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды кеш. Кеш Мұқағали Мақатаев туралы құнды деректерді баяндайтын бейнероликтен басталды. Орта буын оқушылары ақын жайында естеліктер оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Кеш соңы Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан көрінісі мен ақынның өлеңіне жазылған "Есіңе мені алғайсың" атты әнімен аяқталды. Сонымен қатар ақынның туған күніне орай "Мұқағали - ғасыр ақыны" атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Іріктеуден өткен 21 оқушы қатысқан мәнерлеп оқу сайысында ІІІ орынды 7 "Д" сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір, 7 "А" сынып оқушысы Қайриден Аяулым, 
6 "Г" сынып оқушысы Абилдаева Камила, ІІ орынды 6 "В" сынып оқушысы Қадимова Мөлдір, 7 "Ә" сынып оқушысы Сағындық Перизат, І орынды 7 "Г" сынып оқушысы Орынбасар Карима иеленді.
 
 
 

Директорға сұрақ қою