Меню KDT
logo.png?_=1551696408

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Задайте вопрос директору



Директор: 
Базыл Жанкелді Сағынтайұлы

Туған жылы: 18.08.1959 ж.

Білімі: жоғары

  • 1985-1990 жж. Жезқазған педагогикалық институты «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті»;
  • 2000-2002 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы.
  • Жалпы еңбек өтілі: 41 жыл
  • Педагогикалық еңбек өтілі: 32 жыл
  • Санаты: жоғары, 2017 жылы расталды

Еңбек жолы:

  • 1980-1989 жылдар аралығында Шет кеңшарында ауылшаруашылық саласында еңбек еткен.
  • 1989-2001 жылдар аралығында Шет орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
  • 2001-2005 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешенінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
  • 2005-2007 жылдар ішінде Қарағанды қаласындағы «Ә. Бөкейханов атындағы №76 орта мектеп» директоры;
  • 2007-2018 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы «М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия» директоры қызметін атқарған.
  • 2018 жылдың мамыр айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей директоры.

Еңбектері:

  • Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларына арналған «Мағжантану» оқулығының авторы, 2015 жыл.
  • Сынып жетекшілерге арналған «Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы» көмекші құрал авторы, 2016 жыл.
  • Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына арналған «Абайтану» оқулығының авторы, 2016 жыл.
  • Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына арналған «Абайтану» оқулығының авторы, 2017 жыл.
  • Қалалық, облыстық, Республикалық ғылыми-педагогикалық басылымдарда бірнеше мақалалары жарық көрген.

Марапаттары:

  • 2009 жылы Қарағанды облысының Білім беру департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
  • 2015 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының дипломы «ЕҢ ОЗАТ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ» атағы берілді.
  • 2016 жылы Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталды.
  • 2016 жылы облыстың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа Қазақстандық  қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен;
  • 2016 жылы Қарағанды қаласы Білім бөлімінің құрмет грамотасымен;
  • 2016 жылы Қарағанды қаласы әкімінің алғыс хатымен;
  • 2017 жылы тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен;
  • 2018 жылы Қарағанды қаласы Білім бөлімінің құрмет грамотасымен;
  • 2019 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хатымен;
  • 2020 жылы Орта білім беру жүйесін дамытуда және өскелең ұрпақты тәрбилеуде атқарған зор еңбегі мен шығармашылық табыстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Задайте вопрос директору