Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Өзін-өзі тану

Марғұлан мектебінде "Жаным толған жақсылық" атты фестиваль болып өтті. Аталған іс-шараға өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадада жеңіске жеткен "Арман" командасы қонаққа келіп, өнерлерін көрсетті. Дәстүрге сай келген қонақтарға мектебіміздің оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шара барысында қатысушы оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

***
Алматы қаласында өткен өзін-өзі тану пəні бойынша білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы республикалық олимпиадада Елордалық команда жүлделі болды. Атап айтсақ 53 мектеп оқушысы I орынды, Əлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің оқушысы Райханова Жамиля II орынды жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

***
 
Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастыруымен № 59 мектеп-лицейінде өткен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы қалалық олимпиадада І орынды «Арман» командасы жеңіп алды. Құрамында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектептің 8 "А" сынып оқушысы Райханова Жамиля және № 48, 53, 70 лицейі оқушылары бар команда Алматы қаласында Астананың намысын қорғайтын болады

 
 
Директорға сұрақ қою