Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің іргесі 1997 жылы қаланды.
1997 жылғы 13 тамыздағы Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі шешімімен «Ишим Астана» АҚ № 1 толық емес орта мектеп болып ашылды. Мектеп ғимараты балабақшаға орналасты. Мектептің директоры болып ҚР Білім беру ісінің үздігі Мақанова Қамаш Сейітжанқызы тағайындалды.
1998 жылы 28 қыркүйектегі Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі шешімімен мектеп атауы «Көктал орта мектебі» болып өзгерді.Көктал кентінің Астана қаласының құрамына кіруіне байланысты 2000 жылы Астана қаласы Білім департаментінің «№ 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек қасиетіне иелік ететін әрі қоғам өзгерістеріне икемді бола алатын көшбасшы тұлға тәрбиелейтін орта құру.
Администрация школы
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар!
Астана қаласы әкімдігі «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі»
2024 жылдың 03 маусымнан мектепалды сыныбына (0-сынып) оқушылардың құжаттары қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-«Бала денсаулығы паспорты» 026 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.
- 1 файл
Школьное образование
Регистрация
Расписание уроков
Электронные учебники