Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

"Жас ұлан" ұйымы

































































«ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ

Негізгі мақсаты:

         «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

vмектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

vмектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

Ұйым жұмысы:

- Мектепішілік ар-намыс кодексін, ережелердің орындалуын қадағалау;

- Семинар, конференция, форум,байқау,сайыстарға қатысу;

- Мектептегі, одан тыс мәдени-әдеби, тарихи, әскери-спорттық іс-шараларға қатысу және оларды өткізу;

- Волонтерлердің қызметін ұйымдастыру;

- Қамқорлық пен қайырымдылық акцияларын жүргізу;

- Мектеп омбудсмен қызметін жүзеге асуына ықпал жасау;

- Қоңырауда Қаражорға биін бастауыш бойынша билету;

- Салауатты өмір салтын насихаттау;

- «Марғұлан» журналын насихаттау, жарнамалау, тарату;

- Басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату;

- Мектептегі ақпараттарды сайдқа жариялау;

- Жиналыстар мен отырыстарды хаттау;

- Ұйым құжаттарына арналған папкалардың жай-күйін қадағалау;

- Ұйымның ары қарай жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызу және белсенділігін артыру.

«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мектебімізде 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда «Жас Ұлан» құрамында 70, «Жас қыран» құрамында 30 оқушы бар.
Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектептің «Жас Ұлан» мектеп комитетінің мүшелері

Анькей Елдос - Ұланбасы  

Туған күні:09.09.1999

Жұлдызы: Бикеш

Өмірлік ұстанымы: «Жеңіске тек жеңіліс жайлы ойламайтындар жетеді.»

Атқаратын міндеттері:

  • Барлық міндеттер мен бағыттардың орындалуын қадағалау;
  • Оқушылардың ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең құқығын қорғау;
  • Мектеп оқушылары атынан жиналыстарға қатысу;
  • Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс істеуін қадағалау;
  • Бөлімбасылары мен Сыныпбасыларының есебін тыңдау және бекіту;
  • Белсенді оқушыларды мадақтауға ұсыныстар енгізу.




 

Жаңбырбай Алмас - «Салауат»  бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:

Жұлдызы: Шаян

Өмірлік ұстанымы: «Ісіңді өзгеге тапсырып, уайымдағанша, өзің істеп еркін жүр.»

Атқаратын міндеттері:

  • Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында әртүрлі акциялар мен сайыстар өткізу;
  • Спорттық шаралар ұйымдастыру;
  • Халықаралық және республикалық спорт сайыстарына қатысатын оқушыларға көмек көрсету;
  • Оқушылардың спорттық жетістіктерінен хабардар болу;
  • Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізу.


 

Келесбай Райхан - «Зерде» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:29.09.1999

Жұлдызы: Таразы

Өмірлік ұстанымы: «Бастысы-алға қойған мақсатқа кездескен қиындықтарға қарамай жету.Оңай ештеңе жоқ!»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектеп қабырғасында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • Апта сайынғы «Үздік сынып», «Үздік оқушы» байқауының өтуін қадағалау;
  • ғылыми жаңалықтардан хабардар ету.




Тойшыбекова Дария- «Отан» бөлімінің Бөлімбасы

Туған күні:11.04.2001

Жұлдызы: Тоқты

Өмірлік ұстанымы: «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар ақылың мен еңбегін екі жақтап»

Атқаратын міндеттері:

  • Қалалық және республикалық ұйымдармен байланыс орнату бағытында жұмыстар жасау;
  • Мектепшілік патриоттық байқаулар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Мектеп аясында отан тақырыбында акциялар өткізу, қабырға газеттерін шығару.




Төлеубаев Бегендік- «Еңбек» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:07.01.2000

Жұлдызы: Тауешкі

Өмірлік ұстанымы: «Әрдайым шынайы болу-адамның басты қасиеті.»

Атқаратын міндеттері:

  • Оқушыларға еібек тәбиесін сіңіру мақставнда әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Мектептегі қоғамдық жұмыстардың белсенділігін қадағалау;
  • Басқа мектептермен бірлесіп еңбек тақырыбына байланысты шараларды ұйымдастыру.




Еманғалиева Камила- «Руханият» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:30.01.2000

Жұлдызы: Суқұйғыш

Өмірлік ұстанымы:«Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектепшілік іс-шаралады ұйымдастыру;
  • Концерттік бағдарламалар, байқаулар ұйымдастыру;
  • Еріктілер тобының жұмысын белсендіру;
  •   Халықаралық және республикалық сайыстарға қатысатын оқушыларға көмек көрсету.

Даметова Гүлназ-«Экоәлем» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні: 09.04.2002

Жұлдызы: Тоқты

Өмірлік ұстанымы: «Оқы да біл,ойна да күл»

Атқаратын міндеттері:

  • Экологиялық шаралар жұыстары туралы мәліметтермен үнемі қамтамасыз ету;
  • Мектепте қабырға газеттерін шығып отыру;
  • Экологиялық тәрбиені жетілдіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.



Құлахметова Алия - «Жеті жарғы» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:23.11.2001

Жұлдызы: Мерген

Өмірлік ұстанымы: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектептегі БАҚ-ты оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;
  • Мектепшілік іс-шараларды оқушылардың жетістігі мен мектеп жаңалықтарын БАҚ-та жариялау;




Келесбай Гүлайхан- «Жеті жарғы» бөлімінің бөлімбасы

Туған күні:15.09.2000

Жұлдызы: Бикеш

Өмірлік ұстанымы: «Өмірдің ағы да бар, қарасы да бар.Төзе білсең болғаны!»

Атқаратын міндеттері:

  • Мектептегі БАҚ-ты оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;
  • Мектепшілік іс-шараларды оқушылардың жетістігі мен мектеп жаңалқтарын БАҚ-та жариялау.



***
Кемеңгер елдің келешегі – білімді ұрпақ екені дау жоқ. Абай да айтқан: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық». Жарқын болашақ жастардың қолында. Жыр алыбы Жамбыл Жабай: «Әр нәрсенің басы мен басталуын табу үшін өзіңді табуың, жан дүниеңді соған ыңғайлауың керек» деген.
2015 жылдың 9 қазанында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының есеп беру және ұйымның жаңа құрамын сайлау жиыны өтті. Жиынға 8-10 сынып оқушылары қатысты. 
Жиында Ұланбасшысы Түзелбай Меруерт «Жас ұлан» ұйымының 2014-2015 оқу жылында атқарған жұмысы туралы есеп берді. Жарыссөзге шыққан Келесбай Райхан мен Анькей Елдос білім сапасына және рухани-патриоттық тәрбие жұмысына тоқталды.
«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана». 2015-2016 оқу жылындағы «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасына үміткер Келесбай Райхан, Жаңбырбай Алмас, Анькей Елдос сайлау алды бағдармаларын ұсынып, ашық түрде дауысқа салынды. Нәтижесінде айқын басымдықпен 10-сынып оқушысы Анькей Елдос ұйымның Ұланбасысы атанды. 
Ал «Жас Ұлан» ұйымының басқару алқасын жаңа құрамына Жаңбырбай Алмас, Келесбай Райхан, Еманғалиева Камила, Тойшыбекова Дария, Келесбай Гүлайхан, Орынтай Диана, Төлеубаев Бегендік, Асқар Нұрбота, Қартжанова Динара, Жакенов Нұрсұлтан, Құлахметова Әлия, Қадырова Рауана, Болатбек Сағыныш енді. 
Жиын соңында мектеп директоры Ербол Ісләмұлы жаңа Ұланбасымен оқушылар комитетінің құрамын құттықтап, сенім білдірді.
  
 
 
 



****


Осындай ұранмен 17-19 қараша күндері «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсіпірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында республикалық Форум болып өтті. 
Форумның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру. 
Форум аясында қатысушылардың көшбасшылық және шешендік өнер саласындағы біліктіліктерін және білімдерін артыруға арналған семинар-тренинг өткізілді. ҚР өңірлері арасында жұмыс тәжірибесінің алмасуы нәтижесінде жаңа жоспарлар мен шаралар бекітілді. Проблемалық сұрақтарды талқылау арқылы ұйым жұмысының жалпы бағыты айқындалды. 
Ұлтық музыкалық академиясының Орган залында өткен Форумның салтанатты жабылуында «Алтын қалам», таныстыру байқауының және спорт эстафетасының жеңімпаздары марапатталып, балалар өнер көрсетті.

 

 

 

 

 
 

 ***
«ЖАС ҰЛАНДАРДЫҢ» ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ
 
Жақында «Жас ұлан» өзін-өзі басқару оқушылар ұйымының есеп беру және сайлау жиыны өтті.
 
               
***
***
 
 
         Мектебімізде «Атамекен» ордасының «Әлкей Марғұлан» оқушылар ұйымына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. 
                                        

  Мектептің туы енгізіліп, ҚР әнұраны орындалған соң әрбір топ салтанатты жиынға даярлығы жөнінде мәлімет берді.

 «Атамекен» ордасының мүшелігіне қабылданған топтарға қазақ халқының ірі тұлғаларының есімдері берілді.
 5 «А» сыныбы-Ақселеу Сейдімбек
 5 «Ә» сыныбы- Тоқтар Әубәкіров
 5 «Б» сыныбы- Шоқан Уәлиханов
 5 «В» сыныбы- Қасым Қайсенов
 5 «Г» сыныбы- Қайрат Рысқұлбеков
 5 «Д» сыныбы- Қаныш Сәтбаев атындағы топтарға бөлінді.
Әр сынып оқушылары туған жерін, елін, салт-дәстүрін, тарихын, ана тілін қастерлеуге, парасатты, білімді, қайратты, инабатты, нағыз азамат болуға ант берді.
Мектеп директоры Ербол Ісләмұлы жас жеткіншектерді құттықтап, аталған топ аттары еліміздің ірі тұлғаларының атымен аталып отыр, ел болашағы үшін ерінбей еңбек еткен ағаларындай білімді, қайтпас қайсар, адамгершілігі мол азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді.

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год