Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ

  Бүгін 2019 жылдың 15 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай 10 сынып оқушылары арасында "Ауғанның от жалыны" атты әскери-спорттық жарыс болып өтті. Жарыс барысында оқушылар әскери эстафеталық ойындарға қатысып, ММГ АК-74 автоматын уақытқа шашып жинады. Жарыста белсенділік танытып, жеңімпаз атанған оқушылары арнайы дипломдармен марапатталды.
 
  
  

*****
"ЖАУЖҮРЕК" ПОЛК АКЦИЯСЫ
Бүгін 2018 жылдың 4 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде жеңістің 73 жылдығына орай "Жаужүрек" полк акциясы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мектеп алаңынан бастап "Ұлы отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қаза тапқан С.М.Киров савхозының жұмыскерлеріне мәңгілік тағзым" ескерткіші алаңына дейін Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылған батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқараев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Талғат Бегелдинов, Қасым Қайсенов сынды батырларымызбен бірге әрсыныптың Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарының фото суреттерімен 3 шақырып жерді жаяу жүріп өтті. Акция барысында оқушыларымыз жеңіс туралы жырлар мен әндерін шырқап, бір минуттық үнсіздік жариялады.

 
   
 

 I елордалық әскери – патриоттық форумы


    2014 жылдың 25 ақпан күні «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» идеясы аясындағы I елордалық әскери – патриоттық «Міндет, Ерлік, Абырой!» форумы өтті.
     Аталған іс – шараның мақсаты жастар арасында ұлттық, рухани құндылықтарды тәрбиелеу, өз еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілікті ояту, жастардың бойында патриоттық сана-сезімді жоғарылатуға бағытталған әскери – патриоттық форум Астана қаласында алғашқы рет өткізіледі. Сонымен қатар, басты мақсаттардың бірі әскери қызметтің жастар арасында беделін арттыра отырып, жас азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қызметіне даярлау болып табылады.
     Іс – шара басталар алдында «Қазақстан» орталық концерт залының алдындағы алаңда дөңгелекті әскери техника, атыс қару – жарақтары, әскери киім үлгілерінің көрмесі, әскер түрлерінің таныстыру презентациясы жүргізілді.
     Қатысушылар үшін Республикалық Ұланның құрметті қарауыл ротасының сонымен қатар 36 құрлықтағы әскердің жекелеген ДШБ шеруі көрсетілді. Сондай – ақ қонақтардың алдында Республикалық Ұланның Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі, Қорғаныс министірлігінің үрмелі аспаптар оркестрі және Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскер комитеті өнер көрсетті.
    Форумға 2600-ға жуық 10, 11 сынып оқушылары, жоғары оқу орнының студенттері, техникалық және мамандырылған оқу орнының ұйымдары, әскери – патриоттық клубтардың өкілдері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, әскери қызметкерлер, Парламент Мәжіліс және Астана қаласының Мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
    Сондай-ақ, мектептің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері де форумға қатысып келді.

 

 

                                                        БІЗГЕ КЕРЕК МАМАНДЫҚ

Ел тыныштығын ер сақтайды. Жақында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күні болып өтті. Елдің ішкі қорғаны болған Ішкі істер минстрлігінің Алматы, Қостанай, Қарағанды академиясынан келген өкілдері мамандық таңдау адам өміріндегі үлкен қадам екендігін айтты. Оқушыларға арнайы үгіт парақшасы таратылып, таныстырылым видероликтері көрсетілді. Жиыннан кейін  балалар алаңда мамандандырылған жасақтардың жекпе-жек өнерін тамашалап, техникалық жабдықтары, кәсіби шеберліктері туралы мағлұмат алды. Әскери мұражайға саяхат жасалды. Біздің мектептен қатысқан Нұрпейсов Термірлан, Сартай Хамит, Ибрагим Азаматтар да алған әсерлерін достарымен бөлісіп жатты. Ал 11-сынып оқушысы Смағұл Инабат Қарағанды қаласындағы оқу орнының креминалистикалық тергеуші мамандығына түсуге дайындалып жүр.

 

 



                                                       «Мәңгілік ел»



   

«Мәңгілік ел» тақырыбында өткен әдеби-тарихи кешке белгілі ақын Бақытжан Тобаяқов, Оспан Сүлейменов,  «Культ.Фора» рухани адамгершілік және мәдени құндылықтар ҚҚ төрағасы Өнерхан Сансызбайұлы, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы қатысты. 


Ұлтымыздың елге танымал тұлғаларымен  кездесу өткізу дәстүрге айналған






Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год