Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

психологиялық қызмет

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар психологқа арналған сұрақтарыңыз болса, orynbasarova.ardak@mail.ru  мекен-жайына хабарласыңыздар!



***

Мектебімдегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеті:
       Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың психологиялық саушылығына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамудағы әртүрлі қиыншылықтарды түзету;
-         Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау;
-         Оқушылардың бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау.
-         Оқу-тәрбие барысында тұлғаның дамуын анықтау;
-         Оқушының әрбір жас аралығына тұлғааралық, интеллектуалды және профессионалдық дамуын қамтамассыз ету;
-         Әрбір балаға тиісті жеке түрдегі жұмысты қамтамассыз ету;
-         Оқушының интеллектуалды және тұлғалықдамуының ауытқуын психологиялық-педагогикалық зерттеу, профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізу;
-         Балаларды тәрбиелеудегі туатын қиыншылықтар мен отбасындағы микроклиматты жақсарту бойынша ата-аналарға кеңес беру;
-         1-ші , 5-ші және 10-шы оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау және түзету жұмыстары;
                                                                                ***




Оқушылармен жұмыс
Педконсилиумның негізгі мақсаты: 
1. Әрбір жеке тұлғаны тереңірек танып білу.
2. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарды түзету.
3. Ортақ психологиялық – педагогикалық ұстаныммен жеке тұлғаны дамыту.
Міндеті:
1. 5-сынып оқушыларының психологиялық, әлеуметтік, медициналық зерттеу нәтижелерімен таныстыру
2. Оқу жүйесіндегі оқушылардың мүмкіндіктерін талқылау. 3. Зерттеу қорытындыларынан ортақ шешім қабылдау.

                                                                                ***

9-11сынып оқушылардың назарына!



                                                                                 ***
Ата-аналарға кеңес
(отбасылық оқу сауаттылығы жүйесі бойынша)
Ата-аналар, «Балалар кітап оқымайды» деп кінә тағудан гөрі, баламен бірлесе кітап оқу арқылы оның ғажайып әлемінің сырына үңілуіне жәрдем беріңіздер. «Қалауын тапса қар жауар» деген халық мәтелі ақиқат екені даусыз. 
·     Үйіңізде баланың ақыл–ойын дамытатын энциклопедия, тілін дамытатын сөздіктер болсын.
·     Керекті жерінде ол кітаптарды баламен пайдаланыңыз.
·     Атақты адамдар, ақын – жазушылар жайлы қызықты оқиғаларды айтып әңгіме етіңіз.
·     Балаңыздың туылған күніне кітап сыйлаңыз.
·     Өзіңізге ұнаған нақыл, ақыл сөздерді қойын дәптеріңізге жазып, балаңызға көрсетіңіз.
·     Кітапты баламен бірге оқып, пікіріңізді айтып, сырласыңыз.
·     Белгілі бір оқыған кітап немесе кейіпкер жайлы баланың көзқарасы мен пікіріне құрметпен қараңыз.
·     Балаңыздың тілінің, ойының сөйлеуінің дамуына, адамгершілік қасиетіне, адамдармен дұрыс қарым – қатынасына әсер етіңіз.
·     Бала өзі оқыған кітабынан өзіне ұнаған нақыл сөз немесе цитаталарды қойын дәптеріне жазып алсын.
·     Кітап сатып аларда баламен кеңесіңіз.
·     Кітап оқиғасын бейнелейтін фильмдерді бірге көріп, талдап, кітаппен салыстыру қажет.
·     Кітап, жазушы, ақын немесе кейіпкер жайлы пайда болған пікірсайыстың өзін баланың ой 
дамуына бағыттаңыз.
·     Оқыған шығарманың негізгі идеясын түсінуге, тәрбиелік мәнінің негізі мен философиясын 
табуға жәрдем беріңіз.
·     Оқу кезінде өзіне қатты ұнаған жерінің суретін салып, бірлесе әңгімелеуге, сипаттауға болады.
·     Қызығушылығын арттыру мақсатында, ары қарай не болатынын болжап оқыту тиімді.
·     Кейіпкер немесе автор орнында болса не істер еді, қалай жазар еді?

***
 
 

Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год