Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою
about.jpeg?_=1706859584

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің іргесі 1997 жылы қаланды.
1997 жылғы 13 тамыздағы Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі шешімімен «Ишим Астана» АҚ № 1 толық емес орта мектеп болып ашылды. Мектеп ғимараты балабақшаға орналасты. Мектептің директоры болып ҚР Білім беру ісінің үздігі Мақанова Қамаш Сейітжанқызы тағайындалды.
1998 жылы 28 қыркүйектегі Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі шешімімен мектеп атауы «Көктал орта мектебі» болып өзгерді.Көктал кентінің Астана қаласының құрамына кіруіне байланысты 2000 жылы Астана қаласы Білім департаментінің «№ 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Толығырақ

Мектеп миссиясы

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,  жылы жүрек қасиетіне иелік ететін әрі қоғам өзгерістеріне икемді бола алатын көшбасшы тұлға тәрбиелейтін орта құру.  

history1.jpg?_=1

Мектеп тарихы

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің іргесі 1997 жылы қаланды.

1997 жылғы 13 тамыздағы Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі шешімімен «Ишим Астана» АҚ № 1 толық емес орта мектеп болып ашылды. Мектеп ғимараты балабақшаға орналасты. Мектептің директоры болып ҚР Білім беру ісінің үздігі Мақанова Қамаш Сейітжанқызы тағайындалды.

1998 жылы 28 қыркүйектегі Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі шешімімен мектеп атауы «Көктал орта мектебі» болып өзгерді.

Көктал кентінің Астана қаласының құрамына кіруіне байланысты 2000 жылы Астана қаласы Білім департаментінің «№ 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2003 жылы  1 қыркүйекте мектеп 850 орындық жаңа ғимаратқа көшті.

2004 жылы ЮНЕСКО көлемінде Академик Әлкей Марғұланның 100 мерейтойы аталып өтілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылы 2005 жылғы 6 шілдедегі  № 690 қаулысымен мектепке академик Әлкей Марғұлан есімі берілді.

Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 22-4-1132қ қаулысымен «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып атауын алды.

2005 жылы 2 қыркүйекте мектепке директор болып ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Іргебай Ербол Ісләмұлы тағайындалды.

2005 жылдың  қазан айынан бастап мектепте Әлкей Марғұлан мұражайын ашу ісі қолға алынды. Ғұлама ғалым туралы деректер мен тарихи құжаттар жинақталып, ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызымен хабарласып, мектепте мұражай ашу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды.

2006 жылы 11 мамырда академик Серік Рүстембековтің демеушілігімен Әлкей Марғұлан мұражайы ашылды.  Мұражайдың ашылу салтанаты қала көлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Іс-шараға академиктер Р. Нұрғали мен М. Жолдасбеков және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

Сол жылы «Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметі арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру» жобасы жасалып, білім беру сапасын көтеру мен тәрбие жұмысын ізгілендіру жұмыстары қолға алынды. «Әлкей Марғұлан сыйлығының» ережесі жасалып, бекітілді. Мектептің гимні «Марғұлан маршы» жазылып, «Марғұлан» танымдық журналы жарық көрді. «Марғұлантану» курсы оқытыла бастады.

«Марғұлан ізімен» экспедициясы және «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» тақырыбында Марғұлан оқулары жүргізіле бастады.  «Марғұлан тағылымы» ғылыми-әдеби танымдық клубы жұмыс жасайды. Мектепте қазақ тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне еңбегі сіңген тұлғалармен кездесу өткізу жолға қойылған. Р.Нұрғали, А.Сейдімбек, Ғ.Есім, Т.Жұртбай, Д.Қамзабекұлы, С.Тұрғанбек, С.Тұрысбек және т.б. қонақта болды.

«Ұлттық құндылықтар негізінде толерантты, құзыретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында тәжірибелік алаң жұмысы жүргізіліп, қала көлемінде қорғалды.

2011-2012 оқу жылында мектебіміз республикадағы алғашқылардың бірі болып «е-learning» жүйесі бойынша электронды оқытудың пилоттық жобасына енгізіліп, жұмыс жасады.

 2012-2013 оқу жылында «Болашақтың мектебі» пилоттық жобасына енгізілді.

2011-2012 оқу жылында Білім басқармасының рейтингтік көрсеткіші бойынша Үздік он мектептің қатарына ендік. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша соңғы үш жыл көлемінде орта мектептер арасында бірінші орында болды.

2009 жылы мектеп тарихында  тұңғыш рет Мұхаметгалин Дамир «Алтын белгі» иегері атанды.

2010 жылы мектеп түлегі Сағындық Ғизат ҰБТ қорытындысында 125 балл жинады.

 Содан бері мектептің бірнеше оқушылары «Алтын белгі» иегері атанды.

2014-2015 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы бойынша Астана қаласының «Үздік орта мектеп-2015» атағына ие болды. Астана қаласы әкімінің Гранты бөлінді.

Әлкей Марғұлан сынды ғұлама есімін иеленген мектеп ұстаздары ұлтымыздың даналары мен дара ұлдарын ұлықтай отырып, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде қажырлы жұмыстарын жалғастыра береді. 

Мектеп әкімшілігі

введите текст
введите текст

ГОРЯЧИЕ ЛИНИИ

(24 часа в сутки, анонимно) – 150; 54-76-03

АДМИНИСТРАТИВНАЯ ОБЯЗАННОСТЬ

2022-2023 г.

введите текст

Библиотека

введите текст
Толығырақ
libary1.jpg?_=1

Мектептегі білім

Мектепке қабылдау

Мектепке қабылдау

Сабақ кестесі

Сабақ кестесі

Электронды оқулықтар

Электронды оқулықтар

Директорға сұрақ қою