Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Өзгеріс тобы

 

 
 

                   

 ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ №40 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ "SAMGAU - ASTANA" КӘСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін мектебімізде 2018 жылдың 25 қаңтарында "Іс-әрекеттегі зерттеу арқылы тиімді басқару" тақырыбында серіктес №26, №67, №68 және №40 мектептердің бірлескен қалалық семинары жоғары деңгейде өтті. Пленарлық отырыста мектеп басшысы Ербол Ісләмұлы "Іс- әрекеттегі зерттеу арқылы тиімді басқару" жөнінде өз тәжірибесімен бөліссе, №67 мектеп мұғалімі Қайрат Айсауле өзінің сабақта қолданған тәжірибесімен бөлісті. №26 мектептің ата-анасы Аббасов Нұрбек мектеп пен отбасындағы үлкен өзгеріске тоқталса, №68 мектептің оқушысы Сапиева Айғаным білім мен тәрбиедегі "оқушы үніне" тоқталды. Айғаным сабақтағы үлкен өзгерістің оқушыларға да қозғау болып жатқандығын дәлелдеді. Музей меңгерушісі Сәуле Жұмабекқызы "Рухани жаңғыру: Ұлылықты ұлықтау - ұрпаққа ұлағат" жобасы негізінде туристік өлкетану экспедициясының жүйелі жұмысымен таныстырды. Серіктес мектеп координаторларының ұйымдастыруымен секциялық жұмыстарда шебер -сыныптар өткізілді. С.Абылкасова, Қ.Ордабай, А.Байбақы, Г.Қайыпназарова, А.Биманова сынды ұстаздарымыз іс-әркеттегі зерттеуге аналитикалық талдау жасай отырып, мектепке өзгеріс енгізудегі деректер сапасын қалай қамтамасыз етуге болатындығын шебер-сыныптар арқылы жүйелі көрсетті.
 
 

 
 

 
 

 



                                       "САМҒАУ-АСТАНА" ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ 
2016 жылдың 23 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде «Самғау - Астана» желілік қоғамдастығының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында желілік қоғамдастығының рөлі» тақырыбында республикалық семинары өтті. Семинар жұмысына ПШО тренері Ахметова Салтанат Паналиевна, Білім басқармасының әдіскері Күнімбала Ізтөлеуқызы, қоғамдастыққа тартылған жеті мектептің басшылары және республиканың түкпір-түкпірінен келген мектеп директорлары қатысты. Семинар барысында Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп, №56 мектеп-лицейі және «Зерде» мектебінің директорларымен желілік қоғамдастығының координаторлары шебер-сынып, коучинг тағы басқа да іс-тәжірибедегі зерттеулерімен бөлісті. Семинар қонақтарын Байдрахманова Сәуле Жұмабекқызы Әлкей Марғұлан атындағы мектеп музейімен таныстырды. Мектеп тарихымен танысқан қонақтарымыз мұражайға өз қолтаңбаларын қалдырды. «Білім өрнегі» идеялар жәрмеңкесі көрмесімен танысты. Мектебіміздегі «Тәжірибедегі рефлексия» жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектеп тренерінің рөлі тақырыбында Сакеева Салтанат Сейтқамзеқызы мазмұнды презентациясын жасады. Қоғамдастықтағы барлық мектеп директорлары қатысып, жаңа бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы сүбелі ойларымен бөлісті. Әсіресе, Ата-ана мен мектеп серіктестігі: «Бірлескен зерттеу» жұмысының оқу-тәрбие үдерісіне әсері тақырыбындағы шебер-сынып әрбір қатысушыға үлкен ой салды. Мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшесі Төлеубаева Ұлбақыт Бағысбайқызы сабаққа қатысу талдауын жасады. Ата-ана тарапынан, оқушы, мұғалімнен кететін әртүрлі кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталғандығы қатысушыларға үлкен ой салды. Семинар соңында «Еркін микрофон» рефлексиясында Қызылорда облысынан келген мектеп директоры «40 орта мектебінің трек мектебі ретінде жоғары деңгейде жұмыс атқаратындығын, практикалық семинардан жұмыстың жүйелілігін, жинақылығын, қоғамдастық желідегі мониторингтің маңыздылығы ұнады» деген пікір білдірді.

 
 
 
 
 
 



                                                                                                                     ***
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылға 24 мамырда мұғалімдерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерді мақылдауды және жаңадан құрылған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығына шетелдік әріптестерімен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық тәжірибені қолдану арқылы Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары тапсырылды.
Мектебімізде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогкалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлескен Қазақтсан Республкасының педагог кадрларының біліктіліктерін арттырудың деңгейлік бағдарламаларын тәжірибеге ендіруші сертификатталған 24 мұғалім оның ішінде:
I деңгей бағдарламасы бойынша 1 мұғалім,
II деңгей бағдарламасы бойынша 5 мұғалім,
III деңгей бағдарламасы бойынша 18 мұғалім еңбек етуде.
Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу мақсатында мектеп әкімшілігі, тәжірибелі мұғалімдер және деңейлік курс оқыған мұғалімдерден құралған «Өзгеріс енгізу» тобы, сонымен қатар 6 кіші топ құрылып, жұмыс істеуде.


                                          өзгеріс енгізу тобының алғашқы отырысы


ІІ дейгейлі тарих пәнінің мұғалімі Қ.Құрманғалиевтің"Кембридж бағдарламасының түйінді идеялары қазақ ғұламаларының ой-толғауларында" атты коучингтен көрініс

                            8 "В" сыныбында Lesson Study тәсілінің көрінісі


Критерийалды бағалау - оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әдісі атты тақырыбында өткізілген коучингтен көрініс

Директорға сұрақ қою