Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

Оқушылар

«НҰРЫН ТӨККЕН НАУРЫЗ!» АТТЫ МҮШӘЙРАСЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ

Көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Астана қаласы Білім басқармысының ұйтқысымен Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Нұрын төккен Наурыз!» атты мектеп оқушылары арасында қалалық жас ақындар байқауы өткен еді. Әз Наурызды жырға қосқан жас ақындардың жауһазын жырларын назарларыңызға ұсынып отырмын.

НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Күн күлімдеп шуақ нұрын төккенді,
Бүршік атып қызғалдақтар көктеді.
Ұлыс күні құтты болсын, ағайын!
Наурыз айы - ізгіліктің көктемі.

Наурыз келді айналамыз түрленді,
Жер бусанып, ғажайып бір күйге енді.
Осы күні бар адамзат шаттанар,
Бір-біріне ақ тілегін ақтарар.

Қариялар дөң басына жиылып,
Өткен күннің елесін бір ақтарар.
Әжелерім бір аллаға сыйынып,
Немеренің қылығымен мақтанар.

Көктем нұрын аямай-ақ төгеді,
Наурыз келіп жердің беті көгерді.
Осы күні ақынжанды қазағым,
Сөз маржанын тереңінен тереді.

Үміт отын көңіліңе жағайын,
Әз Наурызың , құтты болсын, ағайын!
Жүрекжарды жырларыммен бөлісіп,
Ұмытылмастай ел есінде қалайын.

Елемес Ерболат,
№ 63 орта мектептің 10 сынып оқушысы

АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

Көктемгі күміс шуақпен,
Жылынды суық қаламыз.
Наурызды күткен үмітпен,
Серігіп қалды санамыз.

Күн менен түн теңеліп,
Наурыз келді алақай!
Ұлыстың ұлы күні деп,
Шаттанады балақай.

Бүршік жарып табиғат,
Жанданады тіршілік.
Құстар сайрап,қой төлдеп,
Жақсылық тілейді көпшілік.

Ұлыстың Ұлы күнімен
Құттықтаймын сіздерді!
Тыныштық болсын елімде,
Сақтасын Алла біздерді!

Тлеуленова Анель,
№ 65 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы

НАУРЫЗ

Наурыз айы көріскенше асқытырып,
Дүбірін сай-саланы тасыттырып,
Жер бетінде тіршілік атаулыны
Қоясын-ау өзіне ғашық қылып.

Күтер сені бар қазақ көргенінше,
Салтанатты сәніңмен келгеніңше,
Асық ойнап, би билеп, көкпар тартып,
Қымызыңды әкеліп бергеніңше.

Келді, міне, салтымыз нұрын төккен,
Ұлыс күнін өтемін бөліп көппен.
Күн мен ай теңелетін ерекше күн,
Көгілдір-күмбез әдемі Наурыз неткен!

Уа, менің, құтты күнім, нұрлы күнім,
Дәстүрді дәріптеген сырлы күнім.
Әз-Наурыз құтты болсын, қазақ елі,
Ақ жүректен арнайын жырды бүгін.

Хамит Әділжан,
Әлкей Марғұлан мектебінің 7-сынып оқушысы

НАУРЫЗ-ДУМАН

Наурыз тойы дәстүрлерді жалғайды,
барша халық думандатып тойлайды.
Құшақ жайып достықпенен бірлікте,
қызығына ешбір пенде тоймайды.

Ұлттық сана бойымызды оянып,
Дәстүрлерді құрметпенен бойлаймыз,
Еліміздің мәртебесін көтеріп,
халқымыздың амандығын ойлаймыз.

Жас буындар, қарт әжелер, аналар
Сән келтіріп, тойымызға мән берер.
Көжесінен дәм татқызып баршаға,
Ән думанмен мерекеге сән берер.

Ойын сауық, жорға билер шырқалып,
Көкпарлатып, ең далаға мән берер.
Әр бір ұлттың басын қосып бұл тойда,
Татулықпен дінімізге нұр берер.

Наурыз-думан, Наурыз-шаттық, Наурыз-күй,
Тойлайды оны әр шаңырақ әрбір үй.
барлық жанның жүзі толған қуаныш,
Барлығында көтеріңкі көңіл күй.

Альхова Наталья,
Балалар үйінің 5-сынып оқушысы

НҰР КӨКТЕМ

Нұрын төгіп Наурыз келді араға,
Қуат беріп үлкен менен балаға.
Күн жылынып, қыс та тонды тастады,
Әсем үндер естілуде далада.

Мен де шықтым тамашалап көктемді,
Таң қалардай күн шуағын төкенді.
Қуанышты күйге түсіп осы сәт,
Ұмытамыз ренжігенді, өткенді.

Достарым да көңілді боп жүреді,
Нұр көктемде жадырайды, күледі.
Наурыздың ақ батасын алғандар,
Бөл өмірде ұзақ ғұмыр сүреді.

Ақтасова Аружан,
№ 56 лицейдің 6-сынып оқушысы

КӨКТЕМ КЕРЕМЕТІ

Алақай!
Наурыз келді! Көктем келді!
Түлетіп,түрлендіріп көп белдерді.
Күміс қырау,сары аяз,ызғырлы деп,
Қыстың шұнақ дәурені өткен енді.

Жасыл бешпент,гүлдесте сәукелелі
Көктем ару жасанып,әрленеді.
Еліктіріп табиғат кербездіг,
Назды қылық бойжеткен сәнденеді.

Жан-жануар жас отқа кенеледі,
Нұр шуаққа бар әлем бөленеді.
Сыңғырымен бұлақтың сүйемелдеп,
Лайық санап ең биік мәртебені,
Құстар әнін шырқатады Көктем ару,
Анаға арнап ең алғаш мерекені.

Рақым нұрмен ғаламды тербетеді,
Дархандықпен ырыс-құт өрбітеді.
Көктем шуақ анадай мейірленіп,
Самарқанның көк тасын ерітеді.

Күй ойнатып,жыр кернеп ақ жүрегі,
Ашылғанда көктемнің шаттық реңі,
Қыдыр бабам ізінен шашу болып,
Ұлыс күні әр үйге Бақ кіреді.

Өкшелескен күн мен түн теңеседі,
Араздығын ұмытып күні кешегі,
Қауышады ағайын,құн кешеді.
Табиғатты түлетіп,адамзаттың
Жан дүниесін жаңғыртып,жасаратын
Таусылмайды көктемнің кереметі.

Тыныштықты қалайды ол жер-көктегі,
Ұнатпайды ойранды от, оқ демі.
Кереметі емес пе Ер Көктемнің,
Фашизмді талқандап,бейбіт күнді
Сүйіншілеп жеңіспен ап келген,
Адамзатқа ең қымбат бақ бергені.

Несіпбек Ұлан,
№74 мектеп-гимазиясының 7-сынып оқушысы

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Тау бұлдырап, бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, құстар сайрап аспанда,
Бар тіршілік әз Наурыздан басталған!

Елім де тыныш!
Жерім де тыныш-бұл күні
Жүздерінен көреміз тек күлкіні,
Ренжіскендер табысып та жатады.
Жамылғандай жүрегінің жыртығы.

Кілт тиылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы.

Жылғалардан су аққанда сарқырап,
Шаң-тозаңнан тазарады атырап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын
Ойнап күлген балалар жүр жадырап

Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елінің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Рүстем Гүлжанат,
№ 55 орта мектептің 9-сынып оқушысы

ҚОЙ ЖЫЛЫНА ТІЛЕК!

Тәуба деп, несібемнің молдығына,
Тәңірімнен си күттім тойлығыма.
Жылқы жылын дүбірмен шығарып сап,
Келе жатқан жыр жазам қой жылына.

Бейіштен жаралған ғой қой дегенің,
Сол жәйлі жазылады ойлы өлеңім.
Шопан ата түлігін мол өсірсек,
Шаруашылық көререк өрлегенін.

Қойшылар білер қойды баққызғанды,
Отарлатып, жусатып жатқызғанды.
Қой жылында анықтап алу керек,
Қой терісін жамылған қасқырларды.

Қазағымдай ет жейтін жандар қайда,
Бата жасап, көгенге толған қойға.
Жаңа жылда кәуап болып кетпей,
Не арман бар құрбандық болған қойда.

Қой жәйлі көп қой елдің қоңыр әні,
Қойшы ауылды көргендер оны ұғады.
Осы жылы жеңгейлер егіз туып,
Қазағымның көбейсін қозылары.

Жарылқап Диас,
№69 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год