Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

1561180024624499.jpg

2019 жылдың 12 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде жалпы орта мектеп курсын бітіру аттестатын тапсырудың салтанатты жиыны болып өтті.
Жас жүректің өмірлік құштары - гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясымен,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
«Ел ертеңі- білімді жастар» демекші биылғы Жастар жылы қарсаңында 44 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Жалпы орта мектеп курсын бітіру аттестатын тапсырудың салтанатты жиынына Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жазба деректерді зерттеу бөлімінің жетекшісі Кокебаев Дархан Серікханұлы және ардегер ұстаз Сейтбатталова Мағрифа Тасыбайқызы қатысып мектеп түлектерін құттықтады. Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы барша жас түлектерге жалпы орта мектеп курсын бітіру туралы аттестатты тапсырды. «Алтын белгі» иегерлері Есіркеп Құндыз, Құлахметова Алия, Көшербай Назгүл, Кариева Камилаларға үздік үлгідегі жалпы орта мектеп курсын бітіру туралы аттестаттарын табысталды. Сөз соңында мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы барша түлектерді, ата-аналарды құттықтап түлектерге алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларына тілектес екенін жеткізіп, ата-аналарды арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапаттады. Кеште жас түлектеріміз өздерінің өлеңдері мен ән шашуларын арнады. «Алтын белгі» иегерлері Құлахметова Алия мен Кариева Камила барша ұстаздарға алғыстарын білдіріп, қуанышты көңіл күй сыйлады. Кеш соңында «Мектеп туын көкке ұстау аманат» деп аманат тапсыру рәсімі де болып өтті. Рәсімді кешіміздің қонағы, ардагер ұстаз Сейтбатталова Мағрифа Тасыбайқызы жүргізді. Жиын соңы «Марғұлан» маршымен аяқталды.
 
 
 
 
 

Директорға сұрақ қою