Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖАЛПЫ АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

1558083565405057.jpg

2019 жылдың 15 мамыр күні мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы 2018-2019 оқу жылындағы бюджеттің орындалу есебімен таныстырып, мектеп қаражатының қайда жұмсалғанын айтып өтті. Мектептің материалдық базасы бойынша есебін берді. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы Оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жылының қорытындысымен таныстырып өтті. Ата-аналарға осы оқу жылын қорытындылай келе 11 сыныптардың ҰБТ тапсыру мәселелеріне және мектепте ешқандай ақша жиналмайтындығы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар оқулықтың ұсталуы жөнінде ата-аналарға ұсыныс айтылды.
Күн тәртіндегі үшінші мәселе бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұса Әнизат Сейдазымқызы ата-аналарды «Табысты мектеп-табысты бастама» жұмыстары бойынша жүргізілген бірлескен жұмыс қорытындысымен, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан белсенділігі туралы есеп беріп өтті. 
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы ата-аналарды тәрбие жұмысының ІІ жартыжылдық есебімен таныстырып өтті. Ата-аналарды мектепте дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын «Үздік сынып» байқауының қорытындысымен, мектепте өткізілген әрбір іс-шаралардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіндіріп, өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді. 
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Шаймаханова Гүлсім Шахмарданқызы ата-аналарға ҚР Үкіметінің №64, №255 қаулымен "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзiрленген және әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау тәртiбiн таныстырды.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бижкенов Талғат Серікбайұлы ата-аналарды қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы жұмыс есебімен таныстырып өтті. Жиын соңында арнайы Білім басқармасынан алынған бейне роликтер көрсетіліп қорытындыланды. Ата-аналар жиналысына жалпы саны 190 ата-ана қатысты.
 
 

 

Директорға сұрақ қою