Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

1540872124538526.jpg

Бүгін 27.10.2018 күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде дәстүрлі бүкілмектептік «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қабылдауына арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында 5 «А» сыныбы – Шәкәрім Құдайберді атындағы топ, 5 «Ә» сыныбы – Бейімбет Майлин атындағы топ, 5 «Б» сыныбы – Қасым Қайсенов атындағы топ, 5 «В» сыныбы - Ілияс Жансүгіров атындағы топ, 5 «Г» сыныбы – Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы топ, 5 «Д» сыныбы – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы топ, 5 "Е" сыныбы - Төлеген Айбергенов атындағы топ оқушылары өз дайындықтары туралы мәлімет беріп, ант қабылдады. Салтанатты жиында галстук тағу мәртебесі мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызына, Есіл Жұмагүл Балтабайқызына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызына, Хаздай Нұргүлге, директордың ақпараттық технологиялар орынбасары Тауырбекова Гүлзира Серікқазиқызына және «Жасұлан» оқушылар ұйымының оқушылары Жақсылық Жанерке мен Қабдылғазиева Айзерелерге берілді. Құттықтау сөз мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлына беріліп, салтанатты жиын Әлкей Марғұлан маршылымен аяқталды.
 

 

 

Директорға сұрақ қою