Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БІЛІМДІ ЖАС ҰРПАҚТАРЫ

1536141465081514.jpg

Бүгін 2018 жылдың 1 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жайнаған жаздың қызықты думанын өткізіп, алтын ұя мектебіне оралған оқушылар мәре-сәре болып, ұстаздарымен қауышты.Туған елінің туын көкке желбіретер Мәңгілік Елдің білімді жас ұрпақтары мектеп табалдырығын аттады. Былтырғы оқу жылы Марғұлан мектебі үшін ерекше мерекелік жағдайда аяқталған еді. Соның бір айғағы мектеп түлектері ҰБТ-дің қорытындысы бойынша 100 балл жинап, 64 пайызы грант иегері атанды. 
Биылғы жыл еліміздің бас қаласы Астанамыздың 20 жылдығымен еске қалды. Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мәңгілік ел құндылықтары әрі қарай жүзеге асуын жалғастыруда. Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы атаулы мерекелердің маңыздылығы мен құндылықтарына тоқталып, білім күнімен құттықтады. 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай бала тәрбиесінде айрықша орын алатын ата-аналарымыз. Ата – аналар атынан Тюлюбаева Ұлбақыт Бағысбайқызы мектеп бүлдіршіндері мен оқушыларын, ұстаздарын алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтап, барша оқушыларға Әлкей Марғұлан мектебінде оқу мақтаныш екендігін айтып өтті. Алғашқы қоңырауды 11-сынып оқушылары, білім үздіктері, Есіркеп Құндыз, Көшербай Назгүл және 1-сынып оқушылары Нұрпазыл Еркежан, Мұжықбаев Азамат, Жылқыбай Назым, Ардақ Марғұлан соқты. Жиыннан кейін 1-11 сыныптарда «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
 

 
 

Директорға сұрақ қою