Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"АТА ЗАҢ - ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢСЕСІ" атты сайыс

1535515261990051.jpg

Бүгін 2018 жылдың 28 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде Конституция күніне орай 3 сынып оқушылары арасында "Ата заң - еліміздің еңсесі" атты сайыс болып өтті. 
Әділдікпен басталсын деп атқан таң,
Ата-бабам келе жатыр сақтап заң
Қасым ханның қасқа жолы бас болып
Тәуке ханның жарғылары сақталған.
Билер шешіп ақ пен қара арасын,
Жапқызбаған жамандықтың жаласын.
Заң деген бар біздегі асыл қасиет, 
Ата заңым таң нұрындай таралған - деп оқушылардың мәнерлеп оқуынан бастау алған сайыс төрт кезеңнен ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде оқушыларымыз жыр-шумақтарын жатқа айтса, келесі "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" , "Ойлан тап", "Суреттер сөйлейді" кезеңдерінде өздерінің білімділігі мен ой ұшқырлығын көрсете білді. Аталған сайысқа қатысқан барша оқушыларға алғысымыз шексіз.
 

Директорға сұрақ қою