Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

1529070471693220.jpg

Бүгін 2018 жылдың 15 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде жалпы орта мектеп курсын бітіру аттестатын тапсырудың салтанатты жиыны болып өтті. 
Жас жүректің өмірлік құштары - гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясымен,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр - демекші, 45 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Салтанатты жиын мектебіміздің абыройын асқақтатып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған түлектерімізге арналған бейнебаян көрсетілімінен басталды. Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы барша оқушыларды бүгінгі ерекше мереке жалпы орта білім деңгейін бітіру кешімен құттықтап, алдағы ҰБТ-ден жоғары балл жинап, үлкен өмірлеріне ақ жол тіледі. Жиында жас түлектеріміз өздерінің өлеңдері мен ән шашуларын арнады. Салтанатты кешке биылғы мектеп түлектерін құттықтау үшін 2014-2015 оқу жылының түлегі, "Күй құдірет" номинациясының иегері, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Бижан Мәди "Дәулеткерейдің" күйін орындаса, Жақып Мадияр бүгінгі айтулы мерекелік кештің жүргізушісі болып, жырдан шашу шашты. Сонымен қатар "Мектеп туын көкке ұстау аманат" деп аманат тапсыру рәсімі де болып өтті. Аманат тапсыру рәсімін мектебіміздің технология пәні мұғалімі, жоғары санатты, ардагер ұстазымыз Бекенова Рысты Нұрғожақызы жүргізді. Кеш соңында мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы ата-аналарды құттықтап, арнайы дайындалған алғыс хатпен марапаттады. Ата-аналар атынан Малгаздаров Қадыр Сабырұлы барша ұжымның ұстаздарына алғысын білдіріп, биылғы мектеп түлектеріне зор сенім білдіретіндігін айтты. Арайлы Астанамыздың 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара ұстаздар мен оқушылар есінде мәңгілік қалатыны сөзсіз.
   
 
 

 

Директорға сұрақ қою