Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"РӘМІЗДЕРІМ - МАҚТАНЫШЫМ" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

1528521381687435.jpg

Бүгін 2018 жылдың 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде "Рәміздерім - Мақтанышым" атты мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шара Мемлекеттік гимнді орйындаудан басталды. Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы оқушыларды құттықтап, бүгінгі күннің тарихи күн екендігін айтып, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге атсалысып, "туған жер" киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін айтты. Кеште оқушыларға арнайы дайындалған сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Мектебіміздің оқушылары Шәріп Нұралы мен Әшір Мадияр "Жаса Қазақстан", "Қазақстаным" атты әндерін шырқаса, "Жас ұлан" оқушылар ұйымы өздерінің әзірлеген флешмобтарын оқушылармен бірге билеп, барша балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.
 
 

Директорға сұрақ қою