Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ

1527582669714641.jpg

Бүгін 2018 жылдың 25 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектепте соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын екі ауысымда болып өтті. Жиынға Астана қаласы Оқушылар сарайының директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы қатысты. Биылғы оқу жылы барша оқушылар есінде арайлы Астанамызға 20 жылдығымен есте қалды. Сонымен қатар мектебіміздің дәстүрлі шараларының бірі Әлкей Марғұлан сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл дәстүр мектебімізде он үш жыл бойы жалғасын тауып келеді. "Әлкей Марғұлан атындағы сыйлық" 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында білімімен, өнерімен, спорттағы жетістігімен ерекше көзге түскен оқушыларға табысталады. Сыйлық 7 номинация бойынша беріледі. Олар: "Үздік оқушы", "Өнерпаздар мен өнертапқыштар", "Парасатты, мәдениетті оқушы", "Жыл спортшысы", "Жас өнерпаз", "Жас оқырман", "Зерделі оқушы" және "Сегіз қырлы, бір сырлы". 1-4 сыныптар арасында "Жас өнерпаз" номинациясын 3 "З" сынып оқушысы Бөрібай Зере, "Жас ізденімпаз" номинациясын 4 "А" сынып оқушысы Асылхан Мерей, "Үздік оқушы" номинациясын 4 "Д" сынып оқушысы Жағыпар Томирис иеленді. 5-8 сыныптар арасында "Жас оқырман" номинациясын 8 "Б" сынып оқушысы Серікбай Әдемі, "Жыл спортшысы" номинациясын 8 "Ә" сынып оқушысы Әуесбеков Елнұр, "Өнерпаздар мен өнертапқыштар" номинациясын 8 "А" сынып оқушысы Жақсылық Жанерке, "Үздік оқушы" номинациясын 8 "А" сынып оқушысы Қабдылғазиева Айзере иеленді. 9-11 сыныптар арасында "Үздік оқушы" номинациясын 11 "А" сынып оқушысы Жамбуршиева Әсемай, "Зерделі оқушы" номинациясын 11 "Ә" сынып оқушысы Орынтай Диана, "парасатты, мәдениетті оқушы" номинациясын 9 "В" сынып оқушысы Төлеубаева Гүлназ, "Өнерпаздар мен өнертапқыштар" номинациясын 9 "Б" сынып оқушысы Нуритдинова Меруерт, "Жыл спортышы" номинациясын 9 "В" сынып оқушысы Ғалымбек Ермек, "Жас оқырман" номинациясын 9 "Г" сынып оқушысы Әлімғазина Айдана, "Сегіз қырлы, бір сырлы" номинациясы бойынша "Марғұлан сыйлығының иегері 10 "А" сынып оқушысы Есіркеп Құндыз атанды. Сондай-ақ оқушының жеткен жетістігі үшін арнайы "Ән қанатында" номинациясымен Тиыштықбаева Әсем марапатталды. Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар бойынша 352 оқушы үздікке, 762 оқушы жақсыға бітірді. Мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы барша оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қоырытнды аттестаттаудан және ҰБТ-ді табысты тапсыруларына тілектес екендігін жеткізді. Кеш соңы ғалымның кені болған академик Әлкей Марғұлан бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.
 

 

Директорға сұрақ қою