Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Жас өркен



***


***


Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің оқушылар
ғылыми қоғамының
Жарғысы

«Жас өркен» оқушылар қоғамының құқығы:

«Жас өркен» оқушылар қоғамына оқу бағдарламасын толық  меңгерген өздерінің таңдап алған салалары бойынша өз білімін дамытқысы келетін 8-11 сынып оқушылары кіре алады;
-         секция жұмысына, барлық іс-шараларға қатысуға,
-         әр түрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтіуге,
-         қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге,
-         қоғамының және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;
-         өз жұмысын ғылыми жарыстарға, ғылыми конференцияға қатысу үшін ұсынуға;
-         оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы филиалы жұмыс істейтін лаборатория мен кафедралардың құрал-жабдықтарын пайдалануға;
-         Қазақстан Республикасы кітапханасының қорындағы ғылыми әдебиеттерді пайдалануға;
-         оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің үйлестіру комитетінің кеңесіне сайлануға;
-         ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық  конференциялар,ғылыми жарыстарына қатысуға;
-         оқушылардың ғылыми қоғамдағы белсенді жұмысы және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы, құрмет белгісімен, диплом, степендиялармен марапатталу үшін ұысынылуға құқықты.
Қоғам мүшесінің міндеті:
-         оқуда озат және екпінді болу;
-         қоғамдық белсенділік және шығармашылықпен жұмыс істеу;
-         ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми- іздену жұмыстарын жүргізуге;
-         сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;
-         оқушылардың ғылыми қоғамның  мәжілістеріне жүйелі түрде  қатысуға;
-         мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға;
-         оқушылардың ғылыми қоғамның мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;
-         мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға:
-         оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауаты орындауға;
-         қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің лаборатория,икабинет,құрал- жабдықтарына ұқыпты қарауға;
-         бір немес бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сеесия, конференция, экспедиция, жорықтарға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге, оқушылар мен халық арасында білімді насихаттауға қатысуға
Мақсаты:
Әрбір шәкірттердің бойындағы дара ерекше қабілеті ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушының қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын, білім әлемінде өзіне лайық орын таба алатын зерделі шәкірт тәрбиелеу.
 
Міндеттері:
-         оқушыларға қарапайым зерттеулер жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.
-         оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
-         Белгі бір тақырыпта баяндама, реферат дайындап, оны қорғай білуге үйрету.
-         қосымша әдебиеттермен, баспасөз, архив материалдарымен жұмыс істеуге үйрету.
-         оқушылардың ой-өрісін дамыту.
-         Оқушыларға кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға бағыттау.



                           

Мектептің абыройын арттырып, беделін  көтерген аудандық, қалалық олимпиадаларымен ғылыми жоба байқауларына қатысқан жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау сәті.

                                         

ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

   Жанғожин Мейіржан 10а этномәдениет  бағыты І орын жетекшісі Ермағанбетова Г.

   Бибекова Айзия 10а сыныбы қоршаған орта І орын жетекшісі Қалиханова Ш.

   Әшімова Диана 10а сыныбы қоршаған орта ІІ орын жетекшісі Сатылғанова Т.

   Төлеген Еламан 11ә сыныбы өлкетану ІІІ орын жетекшісі Ермағанбетова Г.

   Айымбетова Ақмарал 11ә сыныбы қазақ әдебиеті ІІІ орын жетекшісі Іргебай Е.

   Бейсекова Мадина 11ә сыныбы қазақ әдебиеті грамота  жетекшісі Өмірбек Б.




ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған қалалық «Үздік ғылыми жоба» байқауына 10-сынып оқушылары Жанғожин Мейіржан және Сатмағанбетова Фаризаның «Астана қаласының туристік экскурсиясының мүмкіншіліктері» тақырыбында қорғаған ғылыми жобасы  ІІ орын иеленді.

 



Директорға сұрақ қою