Меню KDT
" ...Қазына халықта. Ғылымның басты мақсаты – сол қазынаны халықтың өз кәдесіне жарату." - Әлкей Марғұлан

Іс-шаралар 

ЕРЛІКТІҢ ТУЫ – БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
«Өткен күн тарих, бүгінгі күн ақиқат, алдағы күн болашақ». Дана халқымыз өзінің тарихын, сол тарихты жасаған ерлерді ардақтап, құрметтей білген. Әуелгіден қазақтың халық болып қалыптасуына үлесін қосқан батырларды еліміз өз жырларына қосып отырған.
Бүгін Марғұлан мектебінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Ерліктің туы – батырлар жыры» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Әр сыныптан қатысқан оқушылар «Алпамыс» жырынан жатқа үзінді оқып, мәнер-мақамымен айтып шықты. Сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Байбақы, К.Жетібай және кітапхана меңгерушісі Б.Қамбарова қазылық етті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бәйгеден озып шыққан 6 «Г» сынып оқушысы Байқоныс Жалғас Бас жүлдені, 6 «Г» сынып оқушысы Байдалиев Айбек І орынды, 6 «А» сынып оқушысы Шәріпбекова Айнұр ІІ орынды, 5 «Ә» сынып оқушысы Сағындық Перизат пен 6 «А» сынып оқушысы Азнабаева Дильназ ІІІ орынды бөлісті. Алдағы уақытта батырлар жырынан байқау ұйымдастыру жалғасын табатын болады.

 
 
 
 
 


ҚАМҚОРШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ!

Сөнбесін жүректегі нұрлы арман... Дәл осындай атаумен 27 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде Қамқоршылар күні атап өтілді. Бұл жолғы мерекелік іс-шара форматының өзгеше болуымен ерекшеленді. Екі топ болып сайысқа түскен ата-аналар мен оқушылар білімдерін сынап, өнерлерін ортаға салды. Әлеуметтік педогогтың алғы сөзінен соң мектеп психологі ұйымдастырған сергіту сәтінде екі топ та көкейде жүрген проблемалары мен қуанышты сәттерін ақ параққа төгілте жазды. - Бақыттысыз ба? - деген сұраққа 2В сыныбында оқитын Кәкім Айғаным мен Какимова Айгеримнің қамқоршысы Абенова Ману: - Мемлекетіміз көмегін аямайды, мектебіміз де үнемі қолдау көрсетеді. Ең бастысы балаларымның амандығы. Олар аман болса, мен бақыттымын, - деп көзіне жас алды.
Үш айналымнын тұратын ойынның «Бәйге» кезеңінде қамқоршылар Фазылова Роза мен Баймаканова Гүлбаршын салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға мүдірмей жауап берсе, «Арманымның бейнесі» атты соңғы кезеңде немересінің болашағына ақ жол тілеп, елге елеулі азамат болуын қалаған Жунусов Даулетбек аталық ниетін суретпен жеткізді. 
Сайыс соңында сөз алған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жұлдыз Балғабайқызы қамқоршыларды мерекемен құттықтады. Ал шараның арнайы қонағы «Таң» телеарнасының тілшісі, Еркеғали Бейсенов жеңімпаздарға мадақтау грамотасын табыс етті.

Мың сынақтар күтсе дағы сан алдан, 
Сәттілікті шығармағын санаңнан.
Мейірімге шөлдемесін адамдар,
Сөнбесінші жүректерде нұрлы арман!!!
 
 
 
 


*** 

 
 
 

1-сынып оқушыларына академик Әлкей Марғұланның төсбелгісін тағу салтанаты

***


1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шаралардан көрініс

                                                                                           

 

   

4 сыныптар арасында өткізілген «Ел тілеген ер» атты зияткерлік ойыны



мектеп оқушыларының жаңа 2014 жылды қарсы алуы


Мұзафар Әлімбаевтың 90 жасқа толуына орай  «Бала бағбаны – Мұзафар Әлімбаев» атты  әдеби-сазды кеш өткізілді.

 

                                   





Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015-2016 год