Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Название страницы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі және «Жас Ұлан» ұйымы «Абай жолы» эпопеясындағы бала Абай және мен» тақырыбында әдеби конференция өткізді.
Қазақ ұлтын әлемге танытып, қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін биік дәрежеге көтерген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – асыл қазынамыз, оны оқу – әр қазақтың парызы. Қазақтың салты мен дәстүрін, дүниетанымын терең білу, ұлы Абай шығармашылығын жете түсіну, тіл байлығы мен көркемдік ойды дамыту мақсатында ұйымдастырылған конференцияда оқушылар «Семей қаласынан қайтып келе жатқан бала Абай», «Абай мен әкесі Құнанбайдың қарым-қатынасы», «Абай мен әжесі Зере», «Абай мен анасы Ұлжан», «Абай мен Оспан», «Барлас ақын мен Шөже ақынның бала Абайға әсері», «Абай мен Тоғжан арасындағы балалық сезім», «Абай мен Ерболдың достығы», «Абай және Тобықтының игі жақсылары», «Абайға қатты әсер еткен Қодар мен Қамқа өлімі» сынды жоспарланған тақырыптар бойынша сөз сөйлеп, пікір алмасты.
Дәстүрлі шара соңында мектеп директоры Ербол Ісләмұлы «Абай жолының» тәрбиелік мәніне тоқталды. Кітапты жай ғана оқып, жаттанды сөйлеуге емес, түсініп оқуға, содан үлгі алуға шақырды. Және де «11-сынып оқушылары мектеп бітіргенде «Абай жолын» оқып-біліп шығуға міндетті»- деді.
 
 
 
Директорға сұрақ қою